kk ru
Фотобаян Бейнебаян Виртуалды тур Виртуалды музей
Жамбыл облысы
Біз туралы

Басқарманың тарихы

БАСҚАРМАНЫҢ ТАРИХЫ


Тарих парақтарын ақтарсаңыз, біздің өлке – мәдениеті мен өнері, білімі мен ғылымы ежелден қалыптасқан айтулы аймақ. Тарихы қаншалықты терең болса, өнері де соншалықты асқақ өңір.  

Жамбыл облысы бірнеше буын өнерпаздар легін өмірге әкелгендігіне – Сауытбек, Ықылас Дүкенұлы, Жамбыл, Кенен, Ұлбике, Асанәлі Әшімов, Ілия Жақанов, Алтынбек Қоразбаев, Әдбімомын Желдібаев, Аяз Бетбаев, Әбілахат Есбаев, Мэлс Өзбеков, Тынышбай Рахымов, тағы басқа таланттарымыз дәлел бола алады. Сонымен қатар, республикаға танымал заманауи дарынды жастарымыз қаншама? 

Қай халықтың өнері биік болса, сол халықтың рухы да жоғары болатынын өркениетті елдердің үрдісінен аңғарамыз. Мәңгілік еліміздің өлшемі болатын тілімізді, дінімізді, салт-сана мен дәстүрімізді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, халықтың рухани дүниесін жаңғыртып-байытуға, мәдениеті мен әдебиетін тануға өлшеусіз қызмет ететін – ол, Мәдениет басқармасы.   

Жамбыл облысы мәдениет басқармасының тарихы - сонау 1944 жылы облыстық Атқару Комитеті жанынан «Мәдениет бөлімі» ретінде құрылғаннан басталады. Оған дейін өлкелік Білім бөліміне қарасты болып келген бұл сала, 1953 жылы Облыстық Мәдениет басқармасы болып қайта құрылды. 

Өңірімізде мәдениет пен өнер саласының дамуына сол кездері облыстық партия комитетінде басшылық қызметтер атқарған көптеген алдыңғы буын аға-апаларымыз ұйытқы болды. 

Ал облыстық мәдениет басқармасы өз алдына жеке құрылым болып құрылған уақыттан бері бұл басқармаға: 

-    1953-1970 жылдары – Есет (Есмағамбет) Ақылбаев; 

-    1971-1982 жылдары – Рахман Медеуілов; 

-    1982-1987 жылдары – Алдаберген Сәрсенбаев;

-    1987-1992 жылдары – Әлібек Әмзеұлы;

-    1992-1995 жылдары – Жандар Кәрібаев; 

-    1995-1997 жылдары – Тәкен Молдақынов; 

-    1997-1999 жылдары – Марат Смайылов;

-    1999-2010 жылдары – Әлібек Әмзеұлы; 

-    2011-2014 жылдары – Айнұр Саденова

-    2014-2020 жылдары - Дүйсенәлі Бықыбаев басшылық жасады.

Облыс әкімдігінің 2013 жылғы 3 шілдедегі №210 қаулысымен облыстың мәдениет және архивтер басқармалары бірігіп, бір басқарма болып құрылды.     

Басқарма қызметінің негізгі бағыттары, мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырып, театр, музыка мен кино өнері, кітапхана және музей қызметін үйлестіру болып табылады. Бүгінгі күнге дейін шығармашылық қызметтің түрлі салаларында облыстық байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізіліп келеді. Сондай-ақ, облыстың материалдық және рухани мәдениет ескерткiштерiн есепке алу, қорғау және көрнектi мәдениет қайраткерлерiн мәңгi есте қалдыру жөнiндегi жұмыстарға ұйытқы болып отыр. 

2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы, 2012 жылы облыстық кино орталығы құрылды.

2012 жылы Облыстық филармонияға «Алатау» жастар ән-би ансамблі қосылды.



Бақ мемлекеттік порталыМемлекеттік бағдарламалардың бірыңғай порталыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАНanticorБЖЗҚQazlatynҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ -  ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ РЕСМИ САЙТЫМемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзі