kk ru
Фотобаян Бейнебаян Виртуалды тур Виртуалды музей
Жамбыл облысы
Біз туралы

Бос орындар

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:


D-О-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

D-О-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.


Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің лауазымдық жалақысы

Санаты

Лауазымдық     жалақысы  қызмет  өткерген     

жылдарын есептегенде

 теңгеден

 теңгеден

D-O-4

108306

146177

D-О-5

97510

132020


«Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 401, 402 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8(7262)453468, 433630, факс: 454628, e-mail: a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz – (Электрондық поштаның рұқсат етілген файлдар өлшемі: бекітілген файлдардың көлемі 20 мегабайттан аспауы керек (20 мегабайттан асқан жағдайда, бірнеше хабарлама арқылы жолдау ұсынылады).Бұлттық сервистерде тіркелген файлдар (облако mail, google диск, yandex диск және т. б. осындай сияқты) қабылданбайды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысының 128-тармағына сәйкес) бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының тәрбие жұмысы және балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы, (уақытша, негізгі қызметкердің орны 31.03.2021 ж. дейін) санаты  D-O-4, 1 бірлік,  № 04-03.

Функционалдық міндеттері: балалар мен жасөспірімдердің жазғы сауықтырылуы мен демалысының ұйымдастырылуына жауапты. Балаларды республикалық «Бөбек», «Балдаурен» сауықтыру лагерлеріне жіберу жұмыстарын ұйымдастырады. Қыз балалардың физиологиялық дамуы мен рухани тәрбиелеу жұмыстарын үйлестіреді. Балалар мен жасөспірімдердің «Жас ұлан,, «Жас қыран» ұйымдаарының жұмысын үйлестіреді. Сынып сағаттарын және ата- аналар жиналыстарын өткізу, қамқоршылық кеңестерге әдістемелік кеңес беру жұмыстарын және  мониторингін жүргізеді. Басқарманың алқа жиналысына жетекшілік ететін сұрақтар бойынша талдау материалдарын, анықтамалар, статистикалық есеп берулер, ақпараттар әзірлейді. Алқа шешімдерінің және басқарма бұйрықтарының, жоғары органдар құжаттарының орындалуына, құжаттар мен тапсырмалардың уақытылы және сапалы орындалуына жауапты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарды, орындаушылық және еңбек тәртібін сақтайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - білім саласында немесе құқық саласында немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында. Мамандығы: білім (жалпы) немесе құқықтану немесе психология немесе мемлекеттік және жергілікті басқару 

 «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңдарын, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін және нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

2. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің  бас маманы,  санаты   D-O-4,    1 бірлік,  № 07-02.

Функционалдық міндеттері: бастапқы және орта кәсіптік білім беретін мемлекеттік білім ұйымдарын, сонымен қатар арнайы және мамандандырылған білім беру, техникалық және кәсіптк білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін үйлестіреді.   Маслихатқа білім ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы ұсыныстар береді. Білім ұйымдарының материалдық-техникалық базасын дамытудың негізгі экономикалық көрсеткіштері бойынша бағдарламаларға талдау жасайды. Облыс көлемінде білім ұйымдарының материалдық –техникалық базасына талдау жасап, олардың қажеттілігін қалыптастырады,облыстық және республикалық бюджеттерге ұсыныс жинақтайды. Басқарманың алқа жиналысына жетекшілік ететін сұрақтар бойынша талдау материалдарын, анықтамалар, статистикалық есеп берулер, ақпараттар әзірлейді. Алқа шешімдерінің және басқарма бұйрықтарының, жоғары органдар құжаттарының орындалуына, құжаттар мен тапсырмалардың уақытылы және сапалы орындалуына жауапты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын, орындаушылық және еңбек тәртібін сақтайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  білімі - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында немесе құқық саласында немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласында. Мамандығы: экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе құқықтану немесе құрылыс.

 «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңдарын, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін және нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

3. Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жолаушылар көлігі  бөлімінің бас маманы, (уақытша, негізгі қызметкердің орны 05.01.2021 ж. дейін) санаты   D-O-4, 1 бірлік,  № 03-2.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының көлік саласындағы заңнамасына сәйкес жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық, қалааралық, қалалық, қала маңындағы автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзу; қалалық және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтiк мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асырады; жолаушылар көлiгiн дамытудың кешендi схемасын және жол қозғалысын ұйымдастырудың жобаларын әзiрлеу; жолаушылар мен багажды тасымалдау мен айналысатын көлік компанияларының жол қауіпсіздігі шараларын ұйымдастыру жұмыстарын бақылау мақсатында, полиция органдары және көлік бақылау инспекциясы қызметкерлерімен бірлесе отырып рейдтік іс-шараларға қатысады, рейдтік іс-шаралардың қорытындылары бойынша мәліметтер мен ұсыныстар даярлау; қоғамдық көліктердің жұмысын бақылау бойынша рейдтік іс-шараларға қатысу, қорытындылары бойынша анықтамалар даярлау; автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру; автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің тiзiлiмiн жүргiзу; жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық, қалааралық,  қалалық, қала маңындағы автомобильмен тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған куәлiктерді техникалық жарамды көлік құралдарына беруді жүзеге асырады;таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;қоғамдық көлік маршруттары бойынша жол жүрiсi қауiпсiздiгiн ұйымдастыру және бақылау жұмыстарын атқарады; жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен, жүктелетін өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. Жолаушылар тасымалындағы кемшіліктер бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардан келіп түскен арыз-шағымдарды заңдылықпен белгіленен мерзімде қарайды, оларға жауап дайындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы. Мамандығы: көлік, көліктік техника және технологиялар немесе технологиялық машиналар және жабдықтар немесе көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалды ұйымдастыру немесе мемлекеттік және жергілікті басқару. 

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңын және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

4. Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының әкімшілік-қаржы және құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы – заңгер1 бірлік,  D-О-4 санаты, №07-1.

Функционалдық міндеттері: басқарманың мүдделерін белгіленген тәртіппен сот органдарында, сондай-ақ мемлекеттік органның құқықтық мәселелерін қарастыру кезінде басқа ұйымдарда білдіреді; талап арыздар мен басқа сот құжаттарын дайындайды; басқармада Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізуді үйлестіреді; басқармамен әзірленетін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, келісім-шарттардың, процессуалдық құжаттардың, сондай-ақ құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге, соның ішінде басқарманың басқа құрылымдық бөлімшелерімен әзірленген жағдайда келісу арқылы қатысады; басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыс жоспарын әзірлейді және оны іске асыруды қамтамасыз етеді. Басқарманың жылдық мемлекеттік сатып алу жоспарын әзірлеуді, мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыруды және жүргізуді, сондай-ақ келісім-шарттарды әзірлеуді қамтамасыз етеді. Шарттық міндеттемелерді орындауға бақылау жасайды. Басқарманың құқықтық мәселелер бойынша қызметін қамтамасыз етеді. Басқарманың құқықтық актілеріне заңгерлік қорытынды береді.            

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:білімі - құқық саласындағыМамандығықұқықтану немесе халықаралық құқық немесе құқық қорғау қызметі.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саясаты бағытын», Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын, «Бизнестің жол қартасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді білуі.

5. Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының білім беру және спорт шығындарын жоспарлау бөлімінің жетекші маманы, санаты D-O-5, 1 бірлік, №10-3.

Функционалдық міндеттері: облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын, Жамбыл облысын дамыту бағдарламасын әзірлеуге қатысу. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын тиісті жергілікті атқарушы органдардың (бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің) қызметін қамтамасыз ету үшін олардың бюджеттік өтінімдерін және бюджеттік бағдарлама жобаларын қарау, бюджеттік заңнамаларға сәйкес жасалуын қамтамасыз ету. Елбасының Қазақстан халқына жыл сайын жолдауын іске асыру жөнінде Жалпыұлттық жоспардың негізгі бағыттарын орындау туралы іс-шаралар жоспары мен инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен қабылданған басқа да іс-шаралар жоспарын орындау жөнінде мәліметтік-талдау материалдарды әзірлеуге қатысу. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жоспарлы кезеңге ұсынылған бюджеттік өтінімдерін қабылдау. Қолданыстағы бюджеттік заңнама талаптарының сақталуын қарайды, қорытындылар жобасын әзірлеуге қатысады, спорт саласына қатысты облыстық бюджеттің үш жылдық жобасын қалыптастыруға қатысу. Жоспарлы кезеңге облыстық бюджетті бекіту және нақтылау бойынша облыстық маслихаттың кезекті сессиясына тиісті құжаттарды, материалдар-кестелер әзірлеуге қатысады. Облыста мемлекеттік, салалық бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында жұмыстар жүргізу, аталған бағдарламаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысу. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің инвестициялық ұсыныстары бойынша бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудың экономикалық тұрғыдан орындылығын, жоба мақсаттарының стратегиялық және бағдарламалық құжаттармен белгіленген саланы дамыту басымдықтарына сәйкестігін анықтау бойынша экономикалық қорытынды әзірлеуге қатысады (дене шынықтыру және спорт саласы бойынша). Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы. Мамандығы: экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе статистика немесе әлемдік экономика.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, сонымен қатар мемлекеттік жоспарлау және мониторингілеу жүйесін және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

6. Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жинақтау-талдау бөлімінің бас маманыD-О-4 санаты, №05-5,                 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: жылсайын жылжымалы негізде 5 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуге қатысу (бөлімге қатысты тармақтар бойынша). Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын, стратегиялық құжаттарды, Елбасының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспарын орындау бойынша және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен қабылданған басқа да іс-шаралар жоспарларын іске асыру барысы туралы ақпараттық-талдау құжаттарын дайындау. Аумақты даму бағдарламаларын, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын әзірлеуге қатысу. Анықтамалар, ақпараттар дайындау. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияға қарсы күрес агенттігінің ақпараты негізінде коммуналдық қызметтерге арналған тарифтер мен бағалар мониторингін жүргізу және статистика агенттігінің ақпараттары негізінде инфляция деңгейіне бақылау жасау. Жоғарғы атқарушы органдарға, облыс әкімінің аппаратына ақпараттар, анықтамалар әзірлеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы. Мамандығы: экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе статистика немесе әлемдік экономика.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» қаулысын, сонымен қатар мемлекеттік жоспарлау, мониторингілеу жүйесін және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

7. Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының қоғамдық-саяси ахуалды талдау және болжау бөлімінің бас маманы, санаты  D-O-4, 1 бірлік                  №05-05-1-1 (уақытша, негізгі қызметкер 17.02.2023 жылы жұмысқа шыққанға дейін). 

Функционалдық міндеттері: өзекті мәселелер туралы қоғамдық пікірді анықтау бойынша әлеуметтік зерттеулерді, эксперттік бағалауды ұйымдастыру; сауалнамалар әзірлеу; сұхбат алушыларды іріктеу; жинақталған әлеуметтік ақпарттарды компьютерлік базаға енгізу; зерттеулер  нәтижесінің сызықтық есебін өңдеу; ақпараттық-талдамалық материалдар,   әлеуметтік зерттеулер негізінде ұсыныстар әзірлеу; әлеуметтік топтардың әрекеттерін сараптамалық бағалауға және болжауға қатысу; талдауға қажетті статистикалық, әлеуметтік және ақпараттық мәліметтерді жинақтау, жүйелеу; есепке алуды ұйымдастыру;  аймақтағы тәуелсіз зерттеулер құрылымдардың қызметі туралы ақпараттық дерекқорды толықтыру; әлеуметтану салсындағы ақпараттық және талдамалық материалдарды жинақтау; әлеуметтік зерттеулер нәтижесі бойынша семинарлар, «дөңгелек үстел» отырыстарын ұйымдастыру; Интернет-сайттардың контенттік толықтырылуы бойынша облыстағы мемлекеттік органдардың веб-сайттарына мониторинг жүргізу; басқарманың стратегиялық жоспарды жүзеге асыру бойынша есебін дайындауға қатысу; бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша басқарманың мәжілістеріне, кеңестерге материалдар, жұмыс жоспарларын, желілік кестелер және бөлімнің жұмысы туралы есептер әзірлеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе гуманитарлық ғылымдар.  Мамандығы: құқықтану немесе халықаралық құқық немесе саясаттану немесе әлеуметтану немесе психология немесе журналистика немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе мәдениеттану немесе тарих. 

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Мемлекеттік кұпиялар туралы» Заңдарын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу

8. Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының жоспарлау, қаржыландыру және әкімшілік бөлімінің бас маманы, санаты   D-O-4, 1 бірлік                   №02-05 (уақытша, негізгі қызметкер 12.05.2022 жылы  жұмысқа шыққанға дейін)

Функционалдық міндеттері: басқарманың және бағынысты мекемелердің шығындары және бюджеттік бағдарламалар бойынша жоспарларын экономикалық бағалау бере отырып жоспарының әзірлеу; бағдарламалар бойынша қаржы шығынының негіздемелеріне сәйкес мәліметтерді талдау және жинақтау; бағынысты мекемелердің шығындарының жоспарын жасау; бағынысты мекемелердің шығындарының тиімді игерілуіне ықпал жасау; бағынысты мекемелердің шоғындырылған қаржы есебін қабылдау; бағынысты мекемелердің қаржы қозғалысына сүйемелдеу; бағынысты мекемелердің түсімдері бойынша жұмыстар жүргізу; басқарманың шығындары бойынша қаржы жылына бюджеттік өтінімдерді қағидаларға сәйкес әзірлеу; бағынысты мекемелердің материалдық  құндылықтар бойынша қозғалысын қадағалап, есеп жүргізу; Е-Минфин порталында есептерді орналастыру; ашық бюджет порталында жұмысты жүргізу; аппарат қызметкерлерінің және келісім-шартпен жұмыс істейтін қызметкерлерге еңбек ақысын ай сайын есептеу, олардың жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті төлемдерді, іс-сапар және т.б шығындарын уақытылы аудару; трансферттер бойынша республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген қаржылардың уақытылы игеру; Трансферттер бойынша республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген бағдарламалар бойынша қаржы қозғалысын және олардың игеру жайлы мәліметтерді тиісті органдарға тапсыру; электрондық 1С «Бухгалтерия», 1С «Мекеме» бағдарламалары бойынша жұмыс істеу; бухгалтерлік айлдық, тоқсандық, жылдық шоғырландырылған есептерін тиісті органдарға Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес уақытылы қалыптастыру және тапсыру; негізгі және айналмалы қорлар есебіндегі бағалы заттарды және басқада құндылықтардың тиімді пайдалануды және сақталуын бақылау жасау; тез тозатын тауарлы - материалды құндылықтардың (кеңсе заттары, шаруашылық заттар) ай сайынғы есебін уақытылы жасап, есептен шығару актілерін, хаттамаларын және т.б. құжаттарын толтырып, есебін 1С «Бухгалтерия» бағдарламасы бойынша   жүргізу; түскен төлем тапсырмалары, төлем шоттар бойынша жұмыстарды уақытылы атқару; электронды төлем шоттар сервисімен жұмыс жүргізу; басқарманың және бағынысты мекемелерінің барлық жұмыстарына құқықтық суйемелдеу жасау; сотта, басқа да ұйымдарда басқарма қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен басқарманың мүдделерін қорғау; нормативтік құқықтық актілердің, келісім шарттардың, іс жүргізу құжаттарын, сондай-ақ өзге де сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу; облыс Әкімінің, орынбасарларының шешімдері мен өкімдерін, ауыл шаруашылығы министрлігінің  тапсырмаларын, алқа мәжілістері шешімдерін, басқарма бастығының бұйрықтарын, тапсырмаларын орындалуын ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; басқарманың іс-қағаздарын    жүргізудегі   жауапкершілік:   келген,    шыққан   іс-қағаздары, құжаттарды тіркеу, есепке алу, құжаттардың атқарылуын бақылау; жеке және заңды тұлғалардың өтініштемрімен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру және қадағалау; басшының және басқарма қызметкерлерінің жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауын ұйымдастыру; «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжаттар мен басылымдарды қабылдауды және есепке алуды (тіркеуді) бекітілген Ережеге сәйкес жүзеге асыруды ұйымдастырады; қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шараларын ұйымдастыру; басқарманың мұрағат жұмыстарын ұйымдастырып, қадағалау; басқармаға қатысты хаттамалық тапсырмаларының орындалуын жанақтауды ұйымдастыру; басқармаға қатысты ұйымдастыру мәселелерін ұйлестіріп орындауды қамтамасыз ету; кадр жұмыстарын ұйымдастыру; бсшылықтың басқарманың функциялары бойынша берілген тапсырмаларды орындау; бөлім жұмысына байланысты құжаттарды даярлауды жүзеге асыру және қамтамасыз ету; бөлімнің бір маманы еңбек демалысына шыққанда немесе еңбекке уақытша жарамсыз  болған жағдайда уақытша міндетін атқару; қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шаралары мен ұжымның ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - құқық саласында немесе әлеуметтік ғылымдар,экономика және бизнес саласындағы. Мамандығы: құқықтану немесе экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару. 

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, «Ветеринария туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

9. Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, санаты D-O-4, 1бірлік,                   №04-04. 

Функционалдық міндеттері: Жамбыл ауданы аумағында: денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу немесе карантинді тоқтату туралы ұсыныс енгізу; мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, реконструкциялауды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету; облыстың жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу; мүдделі тұлғаларға жүргізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету; жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөпті және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру; жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу жұмыстарын ұйымдастыру және қамтамасыз ету; жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу үшін құжаттарын жинақтау; ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру; қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру; ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар ұйымдастыруды және жүргізуді үйлестіру; ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау; ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуін ұйымдастыру; эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу; эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру; ветеринариялық препараттарды сақтауды және жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру; уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету; Ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу; ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөнiндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру; жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу; мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізіліміне енгізу үшін мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) туралы деректерді (мәліметтерді) жинауды ұйымдастыру және жинақтау; қажеттілігіне қарай бөлім басшының басқада тапсырмаларын  орындау; жұмысына байланысты құжаттарды даярлау; қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шаралары мен ұжымның ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - ветеринария саласындағы.   Мамандығы: ветеринария саласындағы (жалпы)

"Қазақстан-2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын,  «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы»,  «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы», «Ветеринария туралы»   Заңдарын  және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Әкімшілік құқық бұзушылық туралы, Еңбек, Бюджет, Жер, Орман, Су Кодекстерін және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.    

10.Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының әкімшілік бөлімінің бас маманы, санаты  D-O-4, 1 бірлік,  № 04-2.

Функционалдық міндеттері: басқарма қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және түсіндіру, Басқармада жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру. Құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу. Құқықтық, кадрлық шаралардың ұйымдастырылу жұмысын жүзеге асырады. Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттік орган қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен Басқарманың мүдделерін білдіреді. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Басқармада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізуді тұрақты негізде үйлестіреді. Заңнамалық актілерде көзделген жағдайда Басқарманың құзыретiне жататын құқықтық мәселелер бойынша Басқарманың атынан түсiнiктеме дайындайды. Шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуын қамтамасыз етеді. Заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда мемлекеттік органның пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақытылы қабылдайды, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы өтініштермен жүгінеді. Заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз етеді. Басқармадағы азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі жұмысты үйлестіреді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларының аясында атқарылатын жұмыстарды үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - құқық саласында.   Мамандығы: құқықтану немесе халықаралық құқық.  

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек, Бюджет және Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстерін, «Мәдениет туралы», «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңдарын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

11. Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының егін және су шаруашылығы бөлімінің бас маманы санаты   D-О-4,  №04-02, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: облыстық бюджеттен бөлінген бағдарламалар бойынша барлық аудандарға жер көлеміне және тауар өндірушілерден түскен өтінімдеріне сәйкес әр айға бөлінген жоспарлы қаражаттарды жеке қаржыландырудың төлем жоспарына сай жеткізілуін, игерілуін және олардың мүлтіксіз орындалуын қадағалау үшін төмендегі бағдарламалар бойынша: «Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» бағдарламасы бойынша берілген қаржыларды Заң аясында және нормативті-құқықтық актілер негізінде толық игеруді жүзеге асыру. «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандату» бағдарламасы бойынша берілген қаржыларды Заң аясында және нормативті-құқықтық актілер негізінде толық игеруді жүзеге асыру. Міндеттелген бағдарламалар бойынша қаражаттың игерілуін бақылауда ұстау. Егін шаруашылығы бөлімі бойынша бөлінетін қаражаттарды жоспарлау және игерілуіне талдау жасау жұмыстарын жинақтау; өсімдік саласында ауыл шаруашылық кооперативтерін ұйымдастыру жұмыстары; сала жұмысына қатысты тараптарда облыстық департаменттермен, басқармалармен, комитеттермен, инспекцияларымен, АӨК кәсіпорындарымен бірлесіп әрекет жасайды. Бөлім басшысының айқындауы бойынша бюджеттік бағдарламалар жұмыстарын жүргізеді; Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау; қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шаралары мен ұжымның ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау. Еңбек демалысына, іссапарға кеткен жағдайда және басқа да жағдайларда   бас мамандар бірін-бірі алмастырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - ауылшаруашылық  ғылымдары саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы. Мамандығы: ауылшаруашылық  ғылымдары   саласындағы (жалпы) немесе экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе маркетинг немесе әлемдік экономика немесе биотехнология немесе азық-түлік өнімдерінің технологиясы немесе қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша).

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексін, Су Кодексін, Еңбек Кодексін, Жер Кодексін, Бюджет Кодексін, Орман Кодексін, «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы»,   «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Астық туралы», «Тұқым шаруашылығы туралы»,  «Өсімдіктер карантині туралы», «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы», «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы», «Ветеринария туралы»  Заңдарын   және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. 

12. Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының экономикалық талдау, жоспарлау және жинақтау бөлімінің бас маманы, санаты  D-O-4, №09-02, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: ауыл шаруашылығы салалары бойынша экономикалық талдау жұмыстарын жүргізіп, АӨК бойынша нақты ұсыныстар, пікірлер, қызметтік хаттардың жобасын дайындайдыАӨК саласының әлеуметтік - экономикалық дамуын болжамдау бағыттары бойынша қажетті құжаттардың жобасын дайындау; Басқарма тарапынан жүргізілетін мемлекеттік бағдарламалардың қаулы жобаларының, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары мен функционалдық міндеттері бойынша құжаттардың орфографиялық қателерін қарау; 2017-2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі бағдарламасының орындалуына талдау жүргізіп, ол туралы облыс әкімі аппаратына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне, облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау  және қаржы басқармаларына, басқа да басқармаларға тиісті құжаттардың, мәліметтердің, қызметтік хаттардың жобасын дайындау; Жамбыл облысы дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасының орындалуына талдау жасап, мониторинг жүргізіп, ол туралы облыс әкімі аппаратына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы және Ұлттық экономика министрліктеріне, облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау және қаржы басқармаларына, басқа да басқармаларға тиісті құжаттардың, мәліметтердің, қызметтік хаттардың, басқа да мәліметтердің, таблицалық материалдардың жобасын дайындау; АӨК салалары бойынша бағдарламалар, іс-шаралар және басқа да құжаттардың жобасын жасап, олар бойынша ұсыныстардың жобасын дайындау;

Аумақты дамыту картасын әзірлеуге және қажеттілікке қарай өзгерістер енгізуді қамтамасыз ету; басқа-да басқармаға берілген мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету; облыстың экономикалық бағыттары бойынша құжаттарды басқа басқармалармен бірлесе дайындайды, аграрлық саланың көрсеткіштеріне экономикалық талдау жүргізіп, жыл, тоқсан қорытындылары және ай сайынғы көрсеткіштерге талдау жүргізіп, бұл бағытта өз ұсынысын дайындау; Басқарма басшысы қатысатын жиындар мен өткізілетін іс-шаралар туралы ақпараттарды БАҚ қызметкерлеріне мерзімінен бұрын тұрақты түрде хабарлау; республикалық немесе облыстық БАҚ өкілдері сұратқан ақпараттар мен фотоларды дер кезінде ұсыну; Басқарманың ресми сайтын ақпаратпен жүйелі түрде толтыру; Басқарманың оң имиджін қалыптастыру мақсатында интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде материал жариялау және барлық бөлімдерден қажетті мәліметтерді жинау жұмыстарын ұйымдастыру; электронды пошта арқылы баспасөз-парақтар және басқа да материалдарды республикалық, жергілікті БАҚ өкілдеріне жүйелі түрде жолдау, сондай-ақ облыс әкімі баспасөз қызметімен жанды байланыс орнату; әкімдік пен қоғам арасындағы ақпарат алмасуды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік мекеме басшыларын телерадио және баспа басылымы арқылы сұхбатқа шақыру, БАҚ өкілдеріне баспасөз конференциясын, брифингін және кездесулерді ұйымдастыру; бөлімге келіп түскен хаттарға, арыздарға, басқа да құжаттарға   жауаптар дайындап, олардың уақтылы орындалуын қадағалап отыру; Басқарма басшысының, оның орынбасарларының, бөлім басшысының тапсырған жұмыстарын орындау; Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін  сақтау; еңбек демалысына, іссапарға кеткен жағдайда және басқа да жағдайларда  бас мамандар бірін-бірі алмастырады. Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шаралары мен ұжымның ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - ауылшаруашылық  ғылымдары саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе білім  саласындағы. Мамандығы: ауылшаруашылық  ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе журналистика немесе қазақ тілі мен әдебиеті. 

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексін, Су Кодексін, Еңбек Кодексін, Жер Кодексін, Бюджет Кодексін, Орман Кодексін, «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Астық туралы», «Тұқым шаруашылығы туралы»,  «Өсімдіктер карантині туралы», «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы», «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Заңдарын  және және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.


Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметшілер келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

 Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 үй,  401, 402 –іс бөлмелер, анықтама телефондары: 45-34-68, 43-36-30, e-mail: a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 мекен-жайда орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Жалпы конкурс қорытындысы бойынша конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидат (мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда) конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап күнтізбелік он жұмыс күн ішінде персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) мынадай құжаттарды тапсырады:

1) еңбек қызметін растайтын құжат (нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі);

2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі не "Электрондық Үкімет" порталы алынған анықтама);

 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі не "Электрондық Үкімет" порталы алынған анықтама).

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.













































"Б" корпусының мемлекеттік
 әкімшілік лауазымына
 орналасуға конкурс өткізу
 қағидаларының 
 2-қосымшасы


Нысан


 __________________________


(мемлекеттік орган)

Өтініш

       Мені ____________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. 

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

      Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

       Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін _____________________________________ 

                                                      (иә/жоқ)

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

      ____________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________________

      Мекен жайы: ________________________________________________________________

      Байланыс телефоны: __________________________________________________________

      e-maіl: ______________________________________________________________________

      ЖСН: _______________________________________________________________________

      _________ ___________________________________________________________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      "____"_______________ 20__  ж.

























"Б" корпусының мемлекеттік
 әкімшілік лауазымына
 орналасуға конкурс өткізу
 қағидаларының 
 3-қосымшасы


Нысан

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

________________________________________
 тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
 фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
 (түрлі түсті/ цветное,
 3х4)



 
 

_______________________________________
 лауазымы/должность, санаты/категория
 (болған жағдайда/при наличии)

_______________________________________
 (жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный
 идентификационный номер)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері /
 Дата и место рождения


 
 

2.

Ұлты (қалауы бойынша) /
 Национальность (по желанию)


 
 

3.

Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /
 Семейное положение, наличие детей


 
 

4.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы /
 Год окончания и наименование учебного заведения


 
 

5.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
 Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)


 
 

6.

Шетел тілдерін білуі /
 Владение иностранными языками


 
 

7.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
 Государственные награды, почетные звания (при наличии)


 
 

8.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
 Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)


 
 

9.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /
 Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)


 
 

10.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) /
 Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)


 
 


 
 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ


 
 

Күні / Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /
 должность*, место работы, местонахождение организации


 
 

қабылданған /
 приема

босатылған /
 увольнения


 
 


 
 


 
 


 
 


 
 








 
 

_____________________
 Кандидаттың қолы /
 Подпись кандидата

_______________
 күні / дата

      * Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады



«Ақ жол» Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газеті  № ( ), сәрсенбі, 5 тамыз 2020 жылғы нөмірінде жарияланды 



Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Талас аудандық тарихи-өлкетану музейі»  коммуналдық мемлекеттік қазыналық  кәсіпорны директорының 1 (бірлік) бос тұрған лауазымына конкурс жариялайды


            Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама  басқармасының «Талас аудандық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

            Орналасқан жері: 080800, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Талау ауданы, Қаратау қаласы, Т.Рысқұлов көшесі, 16. Тел.: (872644) 6-10-17. 

Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты: музей заттары мен музей коллекцияларын сақтау, зерделеу және көпшілікке көрсету, мәдени, білім беру ғылыми-зерттеу функцияларын жүзеге асыру және Қазақстан  Республикасының тарихи-мәдени мұрасын кеңінен танытуды қамтамасыз ету болып табылады.

Негізгі мақсаты - тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау және зерттеу. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Өнер» немесе «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтар тобы бойынша немесе «экология» немесе «құқықтану» немесе «экономика» мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандық бойынша 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдарда басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы тиіс. 

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Бюджет кодексін, Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» және «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңдарын білуі тиіс.

Кәсіпорын директорының лауазымдық жалақысы жеке еңбек шартында белгіленеді. 

Конкурс Қазақстан Республикасы  Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу кағидаларын бекіту туралы» № 70 бұйрығына сәйкес өткізіледі.

            Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру облыстық «Ақ жол» газетінде, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының интернет – ресурсында жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Төле би даңғылы №35, 5 қабат, №506 каб., тел.: 43-88-64. 

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

1)конкурсқа қатысу туралы өтініш; 

2)мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3)еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4)білімі туралы құжаттардың көшірмесі; 

5)еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі; 

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Конкурс өтетін күні: 27 тамыз 2020 жыл.

Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би даңғылы №35 (5 қабат, 501 бөлме) 

Конкурсқа жіберілген үміткерлер Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіпте әңгімелесуден өтеді.

Осы лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге де жеңілдіктер берілмейді. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАНanticorБЖЗҚQazlatynҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ -  ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ РЕСМИ САЙТЫМемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзіСайт президентаРухани Жаңғыру