kk ru
Фотобаян Бейнебаян Виртуалды тур Виртуалды музей
Жамбыл облысы
Біз туралы

Ереже

Жамбыл облысы әкімдігінің
 201
8 жылғы 25 қаңтардағы 
 № 19 қаулысымен бекітілген


«Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

Ережесі

1. Жалпы ережелер


1. «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Жамбыл облысының мәдениет, архивтер және құжаттама саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін  Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері:

Пошталық индексі: 080012, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 35.

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13. «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.


2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, 

функциялары, құқықтары мен міндеттері


14. «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: мәдениет, архивтер және құжаттама саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

15. Міндеттері: 

1) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) архив iсiнде және құжат жасауда бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыру;

3) Жамбыл облысы халқының мәдениетін қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шаралар қабылдау;

4)  мәдени құндылықтарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету;

5) дарынды тұлғаларды қолдауды қамтамасыз ету;

6) мәдени құндылықтардың заңсыз әкетілуіне және әкелуіне, оған меншік иесі құқығының басқаға заңсыз берілуіне тосқауыл қою, оларды кез келген заңсыз иеленуден қайтарып алуға шаралар қолдану;

7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған өзге де міндеттерді атқару.

16. Функциялары:

1) мәдениет, архив ісі мен құжат жасауда мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) театр, цирк, музыка өнері және кино өнері, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығы, кітапхана және музей ісі саласында облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру, тарату туралы  облыс әкімдігінің қаулы жобасын әзірлейді;

3) театр, цирк, музыка өнерін және кино өнерін, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығын, кітапхана және музей ісін дамыту бойынша облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді, олардың қызметін қамтамасыз етеді;

4) шығармашылық қызметтің түрлі салаларында облыстық (өңірлік) байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді ұйымдастырады;

5) облыстың мәдени құндылықтарын есепке алу, қорғау, консервациялау және реставрациялау, сондай-ақ пайдалану, елдiң көрнектi мәдениет қайраткерлерiн мәңгi есте қалдыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

6) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегі сараптама комиссиясын құру және оның ережесі туралы облыс әкімдігінің қаулы жобасын әзірлейді;

7) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметiне мониторингтi жүзеге асырады және уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ белгіленген нысанда статистикалық есептер бередi;

8) облыстық деңгейде сауықтық мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзудi жүзеге асырады;

9) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен салттардың дамуына ықпал жасайды;

10) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік береді;

11) облыстың мемлекеттiк кiтапханаларының бiрiне «Орталық» мәртебесiн беру туралы облыс әкімдігінің қаулы жобасын әзірлейді;

12) талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;

13) мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;

14) ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимінің сақталуын қамтамасыз етеді;

15) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауды, есепке алуды, қорғауды, пайдалануды және тарих және мәдениет ескерткіштерін ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді;

16) облыстың мемлекеттік архивтерінің сақтауына қабылданған Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды, толықтыруды және пайдалануды ұйымдастыру;

17) облыстың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттiк есепке алуды жүргiзу және олардың сақталуын қамтамасыз ету;

18) коммуналдық меншiктегi тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғау, оларды сақтау мен пайдалану;

19) құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;

20) облыстың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қорының құжаттары бойынша деректер қорын қалыптастыру;

21) облыстың аумағында орналасқан, Ұлттық архив қорын толықтыру көздері болып табылатын ұйымдарда iс жүргiзудiң жай-күйiне, құжаттардың сақталуына ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылық жасау және бақылау жасау;

22) жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын орындауды ұйымдастыру;

23) сараптау-тексеру комиссиясының ережесін бекiту туралы облыс әкімдігінің қаулы жобасын әзірлейді;

24) Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттiң, жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын қанағаттандыру үшiн пайдалану;

25) облыстың тарихы бойынша архив құжаттарын жинау және қайтару;

26) облыстағы мемлекеттік архив басшыларын аттестаттаудан өткізу;

27) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. 


           17. Құқықтары мен міндеттері:

Құқықтары:

1) егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға;

2) мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпараттар мен материалдарды сұратуға және алуға;

3) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;

4) қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

Міндеттері:

1) заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;

2) қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;

3) жеке және заңды тұлғалардың Басқармаға жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен оларға жауаптар беруге;

4) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;

5) қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру


18. «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Жамбыл облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайтын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21. «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы туралы Ережені, штаттық кестені және құрылымын облыс әкімінің бекітуіне ұсынады, бекітілген штат саны шегінде өзгерістер енгізуге ұсыныстар жасайды;

2) өзінің бұйрығымен облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасарларын, бөлім басшыларын, бас мамандарын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, оларға тәртіптік жаза қолданады, сыйақылар береді, материалдық көмек көрсетеді, жыл сайынғы еңбек демалыстарын береді;

3) басқарманың ішкі еңбек тәртібін белгілейді;

4) мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

5) барлық органдарда мекеме мүддесін қорғайды;

6) келісім жасайды, сенімхаттар береді;

7) банкіде есепшоттар ашады, іс бойынша келісім жасайды;

8) заңнамада белгіленген тәртіппен бағынысындағы мекемелердің сандық лимитін, штат кестесін бекітеді;

9) басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;

10) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ведомствалық бығыныстағы коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың директорларын, орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, олардың бас бухгалтерлерін тағайындауға және босатуға келісім береді;

 12) мекеменің басшысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктеледі;

13) «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі


23. «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. 

«Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады. 

24. «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.

25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз еркімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.


5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату


26. «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi:


1) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облыстық қазақ драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

2) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

3) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облыстық филармониясы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

4) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

5) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық кино орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

6) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

7) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Меркі аудандық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

8) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мойынқұм аудандық Ж.Қуанышбаев атындағы музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

9) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Талас аудандық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

10) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қордай аудандық К.Әзірбаев әдеби-мемориалдық музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.


«Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тiзбесi:


1) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

3) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

4) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

5) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

6) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Тараз қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

7) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Байзақ ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

8) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

9) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жуалы ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

10) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қордай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

11) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Меркі ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

12) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мойынқұм ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

13) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Сарысу ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

14) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Т. Рысқұлов ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

15) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Талас ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

16) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Шу ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.



polozhenie.pdf [1,18 Mb] (жүктеу: 10)



 
 
 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАНanticorБЖЗҚQazlatynҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ -  ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ РЕСМИ САЙТЫМемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзіСайт президентаРухани Жаңғыру