kk ru
Фотобаян Бейнебаян Виртуалды тур Виртуалды музей
Жамбыл облысы
Басқарма қызметі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және

құжаттама басқармасының 2018 және 2019 жылдың 2 айында сыбайлас

жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат



2018 жыл:

1. Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Жамбыл облысының 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына (бұдан әрі - жоспар) сәйкес келесі жұмыстар атқарылған:

Жоспардың 8-тармағы: Басқарманың 2018 жылғы 20 қарашадағы №68-н бұйрығына сәйкес Басқармаға қарасты «Қордай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2018 жылдың 21 қарашасынан бастап бір айлық мерзімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жұмыстары жүргізілген.

Мониторинг нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданатын шараларды жақсарту жөніндегі 2 (екі) ұсыныс берілген және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің қажеттілігі жоқ екендігі туралы шешім қабылданған.

Жоспардың 19-тармағы: Басқарманың ресми сайтында «Бюджет қаражатын жоспарлау және игеру» атты арнайы тарау ашылған және аталған тарауда Басқарманың 2018 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы бойынша қаржының игерілуі туралы мәліметтер орналастырылған. 

Жоспардың 22-тармағы: Ақпараттардың қолжетімділігін және ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Басқарманың тарапынан Қазақстан Республикасының «Ашық деректер» веб-порталына тиісті ақпараттар орналастырылған.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомстволық жоспардың орындалуы бойынша:

Басқарма басшысымен 2018 жылдың 18 қаңтарында барлығы 31 тармақтан тұратын Басқарманың және оған қарасты мекемелердің 2018 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған профилактикалық іс-шаралар жоспары» бекітілген.

Оның ішінде 5 - сахналық қойылымдар; 1 - фильм көрсетілімі; 4 - көрме; 5 - семинар кеңес; 6 - дөңгелек үстел; 10 – т.б.

Жыл қорытындысына сәйкес, жоспарланған іс-шаралардың барлығы жүзге асырылып 5 000-ға жуық адам қамтылған.

3. Мемлекеттік органның, оның ведомстволарында және ведомстволық бағынысты ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша қабылданған шаралар: 

Басқармамен және оған бағынысты ұйымдармен өз құзыреттіліктері шегінде 2018 жылдың 12 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы барлығы 79 профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылған.

Оның ішінде: 11 – сахналық қойылым, 49 – фильм көрсетілімдері (бейне роликтер), 3 – көрме, 16 – семинар, дөңгелек үстел және т.б.

1. Сахналық қойылымдар бойынша: бүгінгі таңда, Жамбыл облыстық қазақ және орыс драма театрларының репертуарларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбына бағытталған 10-нан аса сахналық қойылымдары облысымыздың әр түрлі мақсатты топтары арасында көрсетілген. (Олар: Т.Нұрмағамбетовтің сыбайлас жемқорлыққа және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес тақырыбына жазылған «Аса мәртебелі Сейф!» атты драмалық комедиясы, Ж.Перроның «Кот в сапогах», А.Симуковтың «Летучий корабль», С.Маршактың «Кошкин дом», М.Бартеневтің «Считаю до пяти», Ж.Бодаубаеваның «Лукавый кот в сапогах» атты ертегілері, М.Булгаковтың «Мертвые души», Э.Родзинскийдің «Нерон и Я» және Ф.Шиллердің «Коварство и любовь»  атты трагифарстары, В.Коняевтің «Клетка» атты әлеуметтік драмасы сонымен қатар Н.Гогольдің «Режиссер» атты буфондасы.)

Аталған сахналық қойылымдарға, жыл басынан бері 4 000-ға жуық адам қамтылған. Олардың ішінде шамамаен 50% - мемлекеттік қызметкерлер болса, қалған 50% - дәрігерлер, әскери қызметкерлер, білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен білім алушылары.

2. Фильм көрсетілімдері бойынша: Басқармаға қарасты Облыстық кино орталығының ұйымдастыруымен, облыс аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбына арналған 50-ге жуық фильм (бейне роликтер) көрсетілімдері ұйымдастырылған. (Олар: «Жемқорлыққа жол жоқ» атты бейне ролик, «Коррупция», «Дело о коррупций» атты деректі фильмдер және «Call центр», «Подарки», «Госуслуги», «Поощрение», «Біз дайынбыз, ал сіздер ше?», «Западня», «О  запрете подарков», «Скажи корруции нет», «Жемқорлық», «Купленный диплом», «Купленные права», «Продажные здравоохранение» «Жамбыл – 2014» атты видероликтер. Қамтылған адам саны - 500-ден аса.)

3. Көрмелер бойынша: ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысымен бекітілген «Жамбыл облысында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2018 жылға арналған кешенді жоспарының» «Әдебиет» жобасы аясында, Жамбыл облыстық Д.А.Қонаев атындағы жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен, Тараз қаласының орта мектептерінің оқушылары мен оқутышылары арасында «Жемқорлық - ғасыр дерті» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған әдебиеттерден жинақталған кітап  көрмесі ұйымдастырылған.

Сонымен қатар, Жамбыл облыстық ғылыми әмбебап кітапханасымен кітапханашылар арасында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғамның ісі» атты құқықтық сайысы өткізіліп, іс-шара барысында оқырмандарға кітап көрмесі ұйымдастырылған.

4. Интернет-ресурстарда және БАҚ беттерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат жариялау туралы.

Басқарма және оған қарасты ұйымдармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқырылған жұмыстары жайлы ақпараттар, түрлі ресми сайттарда және БАҚ беттерінде қажеттілігіне байланысты   жариялануда, атап айтқанда: Мерзімді баспа беттері: «Ақ жол», «Жамбыл-Тараз», «Арай», «Знамя труда», «Шұғыла-Радуга» және «Жаңа өмір». Әлеуметтік желілері: «facebook», «vk.com», «istagram», «zhambyl-teatr.kz», «zhofil.kz» «zhambul-madeniet.kz» «www.jobjk.kz».

4. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның (бұдан әрі - Заң) 6-бабында көрсетілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың шараларын қолдану, сондай-ақ олардан алынған әлеуметтік-экономикалық тиімділігі бойынша.

Заңның 6 бабының 2) тармақшасына сәйкес 2018 жылдың 12 айында Басқармаға қарасты 3 ұйымның қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілген. (Олар: «Облыстық кино орталығы» КМҚК-да, «Жамбыл облыстық Д.А.Қонаев атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» КММ-де және «Шу ауданының мемлекеттік архиві» КММ)

Талдау нәтижесі бойынша, аталған ұйымдардың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталып, мекеме директорларына оларды жоюға бағытталған 8 ұсыныс берілген, бүгінгі таңда аталған ұсыныстардың барлығы толық орындалған.

Орын алған сыбайлас жемқорлық көріністері жайлы:

2018 жылы Басқармада және оған қарасты мекемелерде сыбайлас жемқорлық көріністері орын алмаған.

2019 жылдың 2 айы:

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 22 бабын басшылыққа ала отырып 2019 жылдың 3 қаңтарында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының №2-н бұйрығына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы 29 тармақтан тұратын профилактикалық іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - жоспар) бектілген.

Бүгінгі таңда, аталған жоспарға сәйкес Басқармаға қарасты ұйымдармен төмендегі іс-шаралар жүзеге асырылған.

Сахналық қойылымдар бойынша:  

Басқармаға қарасты Орыс драма театрымен 2019 жылдың қаңтар – ақпан айларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған 3 сахналық қойылымдары көрсетілген. (Олар: 1. Р.Куннидің «Смешные деньги» атты комедиясы; 2. Н.Гогольдің «Ревизор» атты буфонадасы; 3. В.Гогольдің «Режиссер» атты пьессасы.)

Аталған сахналық қойылымдарға білім беру ұйымдарының, денсаулық сақтау саласының, ішкі істер саласының және т.б. салалардың 1000-ға жуық қызметкерлері қамтылған.

Фильм көрсетілімдері бойынша: 

Басқармаға қарасты Облыстық кино орталығы 2019 жылдың 2 айында Жамбыл облыстық ауруханасында, Жамбыл облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінде және Оңтүстік өңірлік қолбасшылығы әскери басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған фильм және бейнероликтертің («Жемқорлыққа жол жоқ» атты бейне ролик, «Коррупция», «Дело о коррупций» атты деректі фильмдер және «Call центр», «Подарки», «Госуслуги», «Поощрение», «Біз дайынбыз, ал сіздер ше?», «Западня», «О  запрете подарков», «Скажи корруции нет», «Жемқорлық», «Купленный диплом», «Купленные права», «Продажные здравоохранение» «Жамбыл – 2014»,) көрсетілімдерін ұйымдастырған. Қамтылған адам саны 500.

Ақпараттық насихаттық іс-шаралар бойынша: 

Басқармаға қарасты Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің жауапты мамандарын тарта отырып «Жемқорлықсыз күрес және заңның тиімділігі» атты тақырыпта ақпараттық хабар өткізілген. 

Бұдан бөлек, Жамбыл облыстық орыс драма театрымен «Жемқорлыққа жол жоқ» атты тақырыпта лекция өткізілген және тетр ғимаратының ақпараттық тақтайшасына «Бәрі де білуі тиіс» атты тақырыпта арнайы әзірленген жадынама орналастырылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген талдау және мониторинг жұмыстары жайлы:

«Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 486 қаулысына сәйкес ағымдағы жылы Басқарма әзірлеушісі болып табылатын 2 нормативтік құқықтық актілерінен сыбайлас жемқорлықты тудыратын құқық нормаларын анықтау мақсатында тиісті мониторинг жұмыстары жүргізілген.

Мониторинг қорытындысына сәйкес аталған құқықтық актілерден сыбайлас жемқорлықты тудыратын құқық нормалары анықталмаған.

Орын алған сыбайлас жемқорлық көріністері жайлы:

2019 жылдың 2 айында Басқармада және оған қарасты мекемелерде сыбайлас жемқорлық көріністері орын алмаған.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат



2019 жылдың 4 айы:

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 22 бабына сәйкес Басқармада (2019 жылдың 3 қаңтарындағы №2-н бұйрық) сыбайлас жемқорлыққа қарсы 29 тармақтан тұратын профилактикалық іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - жоспар) бектілген.

Бүгінгі таңда, аталған жоспарға сәйкес Басқармаға қарасты ұйымдармен төмендегі іс-шаралар жүзеге асырылған.

Сахналық қойылымдар бойынша:  

Басқармаға қарасты Орыс драма театрымен 2019 жылдың қаңтар – сәуір айларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған 3 сахналық қойылымдары көрсетілген. (Олар: 1. Р.Куннидің «Смешные деньги» атты комедиясы; 2. Н.Гогольдің «Ревизор» атты буфонадасы; 3. В.Гогольдің «Режиссер» атты пьессасы.)

Аталған сахналық қойылымдарға білім беру ұйымдарының, денсаулық сақтау саласының, ішкі істер саласының және т.б. салалардың 1000-ға жуық қызметкерлері қамтылған.

Фильм көрсетілімдері бойынша: 

Басқармаға қарасты Облыстық кино орталығы 2019 жылдың 4 айында Жамбыл облыстық ауруханасында, Жамбыл облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінде және Оңтүстік өңірлік қолбасшылығы әскери басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған фильм және бейнероликтертің («Жемқорлыққа жол жоқ» атты бейне ролик, «Коррупция», «Дело о коррупций» атты деректі фильмдер және «Call центр», «Подарки», «Госуслуги», «Поощрение», «Біз дайынбыз, ал сіздер ше?», «Западня», «О   запрете подарков», «Скажи корруции нет», «Жемқорлық», «Купленный диплом», «Купленные права», «Продажные здравоохранение» «Жамбыл – 2014»,) көрсетілімдерін ұйымдастырған. Қамтылған адам саны 500.

Ақпараттық насихаттық іс-шаралар бойынша: 

Басқармаға қарасты Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің жауапты мамандарын тарта отырып «Жемқорлықсыз күрес және заңның тиімділігі» атты тақырыпта ақпараттық хабар өткізілген. 

Бұдан бөлек, Жамбыл облыстық орыс драма театрымен «Жемқорлыққа жол жоқ» атты тақырыпта лекция өткізілген және тетр ғимаратының ақпараттық тақтайшасына «Бәрі де білуі тиіс» атты тақырыпта арнайы әзірленген жадынама орналастырылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген талдау және мониторинг жұмыстары жайлы:

«Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 486 қаулысына сәйкес ағымдағы жылы Басқарма әзірлеушісі болып табылатын 2 нормативтік құқықтық актілерінен сыбайлас жемқорлықты тудыратын құқық нормаларын анықтау мақсатында тиісті мониторинг жұмыстары жүргізілген.

Мониторинг қорытындысына сәйкес аталған құқықтық актілерден сыбайлас жемқорлықты тудыратын құқық нормалары анықталмаған.

Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясымен жүргізілген аудит нәтижесі туралы:

2019 жылдың басында Басқармаға қарасты ұйымдарда Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясымен бюджет қаражатының пайдалануылуына бақылау шаралары жүргізілген (қамтылған кезең 2017 және 2018 жылдар).

Тексеру барысында 3 194 808,0 мың тг. бюджет қаражаты қамтылған.

Бұзушылықтар анықталған қаражат көлемі – 3 663,1 мың теңге. Тексеріс нәтижелері бойынша бюджетке қайтарылған және қалпына келтірілген қаражат – 3 663,1 мың теңге немеесе 100 %. 

Бюджетті орындау барысында заң бұзушылықтар орын алған негізгі салалар: 

- бюджеттік және салықтық заңнамалар (орын алған заң бұзушылық фактілері - 0);

- мемлекеттік сатып алу заңнамасы (орын алған заң бұзушылық фактілері - 2);

- Есеп және қаржылық есептілік заңнамалары (орын алған заң бұзушылық фактілері - 6);

Басқармаға қарасты мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың лауазымды тұлғаларының бюджет қаражаттарының негізсіз пайдаланылуына жол беру фактілері, оның ішінде:

- еңбекақыны, іссапар шығындарын артық төлеу фактілері - 8;

- аяқталмаған жұмыстардың төленуі - 0;

- мемлекеттік сатып алу бойынша орын алған заң бұзушылықтар - 2;

- басқада заң бұзушылықтар фактілері - 1.

Заңсыздыққа жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты қабылданған шаралар, оның ішінде:

- қолданылған тәртіптік жазалар - 7;

- Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес қозғалған істер - 2;

- ҚР «Қылмыстық кодексіне» сәйкес қозғалған істер - 0;


Бұдан бөлек, Басқармамен және оған қарасты ұйымдармен бюджет қаражатын жымқыру фактілері орын алмаған.



Бюджеттің ашықтығын және жариялылығын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жайлы. 

 «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңына сәйкес, «Ашық бюджеттер» порталында бюджеттік есептілік, шоғырландырылған қаржылық есептілік, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың жобалары және оларды іске асыру туралы есептер орналастырылған.

Сонымен қатар, Басқарма тарапынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығына сәйкес, Басқармаға қарасты ұйымдармен бюджеттің орындалуына тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп отырады. 

«Жамбыл – адалдық алаңы» жобасы шеңберінде атқарылған жұмыстар жайлы:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру бойынша қабылданған шаралар:

Бүгінгі таңда, Басқармамен және оған қарасты ұйымдармен барлығы 2 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Олар: 1. «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі; 2. «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі. 

«Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде болып табылады.

Аталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі «Архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикаксы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 138 бұйрығына сәйкес көрсетілетін болғандықтан, алдағы уақытта оны одан әрі автоматтандыруға қатысты тиісті ұсыныстар, Қазақстан Республикаксы Мәдениет және спорт министрлігіне жолданатын болады.

Ал, «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің нысаны, электрондық (iшiнара автоматтандырылған). Яғни, мемлекеттік көрсетілетін қызмет 100 % электрондық түрде көрсетіледі.

«Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсымын жұмыс атқаруды одан әрі жандандыру бойынша қабылданған шаралар:

Басқарма және оған қарасты 26 ұйымның барлығы «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсында жұмыс беруші ретінде тіркелген және бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) бар екендігі туралы мәліметтерді «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V Заңының 28-бабының 2 тармағының 1) тармақшасына сәйкес «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы тұрақты түрде жіберіліп отыруда.



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАНanticorБЖЗҚQazlatynҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ -  ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ РЕСМИ САЙТЫМемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзіСайт президентаРухани Жаңғыру