kk ru
Фотобаян Бейнебаян Виртуалды тур Виртуалды музей
Жамбыл облысы
Мәдениет, архив мекемелері

Мұражайлар

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі – Қазақстан Республикасындағы ең көне музейлердің бірі.
1931 жылы 25 тамызда қалалық мұражай ретінде ашылып, 1940 жылдары облыстық мұражай болып қайта құрылған. Музей директордың м.а. – Әлімжанова Ғалия Жапсарбайқызы.
Музей 1977 жылдан бастап Бүкілодақтық туристтік маршрутқа енгізілген. Облыс орталығы Тараз қаласының «Достық» алаңы бойындағы үш қабатты ғимаратта орналасқан.
Қазіргі кезде экспозициялық 14 залы: табиғат, археология, этнография, Қазақ хандығының құрылу тарихы және қоныстануы, Кеңес Үкіметі дәуірінің алғашқы кезеңдері, Ұлы Отан соғысы жылдары, соғыстан кейінгі кезең залдары, тас мүсіндер және көне түркі жазулары, Тараз 2000, Л.В.Брюммердің көркемсурет музейі және халықтар достастығы залы халыққа қызмет көрсетуде.
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі – кешенді музей, жалпы экспозициялық ауданы 2010 шаршы метрді құрайды. Музей қоры өте бай, мазмұнды, бірегей әрі құнды 65 мыңнан аса жәдігерлерді құрап отыр және жылдан жылға толығып келеді. Бұл – тарихи, археологиялық, тарихи-тұрмыстық бұйымдар, нумизматика, қолжазбалар және құжаттар, көркемсурет туындылары және сәнді-қолданбалы өнер бұйымдары және т.б.
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің 2 қалалық және 4 аудандық  бөлімдері бар. Олар:
  • А.Әшімов атындағы шығармашылық орталығы (Тараз қ.);
  • К.И.Скрябин атындағы үй-музейі (Тараз қ.);
  • Сарысу аудандық Т.Мақашев атындағы тарихи-өлкетану музейі;
  • Т.Рысқұлов аудандық тарихи-өлкетану музейі;
  • Шу аудандық тарихи-өлкетану музейі;
  • Жуалы аудандық Б.Момышұлы мемориалдық музейі.
Музей қызметкерлері келушілерге қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қызмет көрсетеді. 2017 жылы музейге заманауи инновациялық технология, лазер арқылы жасалған суреттерді көрсететін голлограмма сатып алынып, онда келушілерге 3D форматтағы Айша бибі, Бабаджа хатун, Қарахан кесенелерінің, «Ақыртас» кешенінің тарихы мен макеті көрсетіледі. Музей экспозициясында Қазақстанның тарихи орындарын, киелі жерлерін көрсететін заманауи технология LiteBox-тар орнатылған. Алдағы уақытта музейдің құнды жәдігерлеріне экскурсанттарға өз беттерінше ақпарат алуға, мектеп аудиторияларына интелектуалды сайыстар өткізуге мүмкіндік беретін  QR-код енгізу көзделіп отыр. Сондай-ақ келешекте музей жәдігерлерін жинақтап, сақтау және интернеттегі қолжетімділігін арттыру үшін сенсорлы дүңгіршіктер, бірнеше шет тіліне аударатын аудио гидтер, мультимедиялық жолсеріктер пайдалану жоспарланып отыр.
Байланыстар
Мекен-жайымыз: Тараз қаласы, Төле би даңғылы №55, «Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК
Телефондары: +7 (7262) 45-51-99, 43-25-85.
Cайт: www.museum.skom.kz
E-mail:  taraz_museum@mail.ru
facebookhttps://www.facebook.com/profile.php
VK – https://vk.com/id365636190



Байзақ аудандық тарихи-өлкетану музейі

Аудан тарихын жүйеге түсіру мақсатында 2009 ж. қыркүйектің 8 күні аудан әкімінің № 473 Қаулысы шықты.
Мекеменің толық атауы: Байзақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі«Аудандық тарихи-өлкетану музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 
Музей басшылығы: Директор - С.Н.Қалмұратов
Музейдің құрылған күні: 2010 жыл, 14 маусым
Музей туралы ақпарат:
Аудан тарихын жүйеге түсіру мақсатында 2009 ж. қыркүйектің 8 күні аудан әкімінің № 473 Қаулысы шықты. Аудан әкімінің 2010 жылғы маусым айының 14-і күнгі  келесі   №377 Қаулысы бойынша  Байзақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Аудандық тарихи-өлкетану музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны құрылды. 2011 жылғы қаңтар айының 25 күнгі № 22 Қаулысы бойынша жаңа ғимарат беріліп, музейдің ашылуы салтанатты жағдайда өтті. Музей бес экспозициялық залдан құралған. 1. Археология. Бұл залда аудан аумағында жүргізілген көптеген археологиялық экспедицияның нәтижесінде табылған ортағасырлық архитектураның көрінісі болған құрылыс заттары, сәулет өнерінде қолданған қабырға кірпіштері, тұрмыс заттары, су құбырлары қойылған. 2. Этнография. Қазақ халқының тұрғын үйі киіз үй және киіз үйдің жабдықтары, дәстүрлі қолөнер бұйымдары, ас үй бұйымдары көрсетілген. Үшінші экспозициялық зал- Аудан тарихы. Байзақ ауданының құрылу тарихын суреттейтін бірнеше мақалалар, фотосуреттер, фотоальбомдар, тұрмыс заттары, зергерлік  әшекей бұйымдар да көрнекі орынға қойылған. Төртінші залда ҰОС батырлары, Социалистік еңбек ерлері  және Кеңес Одағының батыры А.Суханбаев туралы мәліметтер, жауынгер жабдықтары, естелік суреттер, медаль, ордендер, еңбекші елдің тылда қолданған құрал саймандары орналасты. Келесі мәдениет және өнер залы . Байзақ ауданынан шыққан қазақтың маңдай алды азаматтары, ғылым, білім спорт, өнер саласында еңбегі сіңген мемлекеттік мәртебеге ие болған қайраткерлердің өмір тарихы, фотосуреттері, шығармалары көрсетілген.
Музей заттары мен коллекцияларын сақтау, зерделеу және көпшілікке көрсету арқылы түрлі тақырыпта экскурсия, көрмелер, танымдық тақырыпта дәрістер жүргізіледі. Музей ішіндегі жәдігерлерге ғылыми сипаттама беріп, баспа беттеріне мақалалар жарияланып отырады.
Байланыс мәліметтері:
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы,
Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр көшесі,102а.
Жұмыс тел: +7 (72637) 2-19-56
E-mail: baizakmuzei@mail.ru

Қордай аудандық К.Әзірбаев әдеби-мемориалдық музейі

Қордай аудандық К.Әзірбаев әдеби-мемориалдық музейі 1981 жылы 14 сәуірде ашылған.
Музей Жамбыл облыстық партия комитеті мен халық депутаттары советі атқару комитетінің 1980 жылғы 16 қаңтарындағы №33 қаулысы негізінде салынған. 
2010 жылдың 10 қаңтарынан бүгінгі күнге дейін музей директоры қызметін Оспан Марат Ермекұлы атқарып келеді. 
Қордай аудандық К.Әзірбаев әдеби-мемориалдық музейінің жалпы экспозициялық алаңы 167,2 шаршы метрді құрайды. Онда қазақтың әйгілі халық ақыны, әнші, композитор Кенен Әзірбаевтың артында қалған құнды мұралары сақталған. Музей қорында ақынның көзі тірісінде тұрмыста қолданған заттары, өнер туындылары, қолжазбалары, әр жылдардағы баспадан шыққан кітаптары, алған сыйлықтары, фотосуреттері, тағы басқа естелік заттары бар. Музейдегі экспонаттар саны 3 392 бірлікті құраса, оның 2 407-і негізгі қорда.  
Мекен-жайы: Жамбыл облысы Қордай ауданының Кенен ауылы, Какетай көшесі №1
Телефон: +7 7263 678502;
E-mail: kenenmuzei@mail.ru


Меркі аудандық тарихи-өлкетану музейі

Меркі тарихи-өлкетану музейі 1983 жылы құрылып, 1984 жылдың қарашасында мемлекеттік музей статусын алды.
1987 жылдың 14 ақпанынан бастап музей жаңа зәулім үйде жұмыс істей бастады. Қазіргі таңда музей директоры – Базилов Айдын Алаудынұлы.
Меркі тарихи-өлкетану музейі 2009-2010 жылдары жөндеу жұмыстарынан өтіп, жаңартылды. Ғимарат тұрақты экспозиция көлемі 428,3 шаршы метр, қоры 15,4 шаршы метр аумақты құрайды. Сондай-ақ, музейде бірнеше зал бар. Олар: Туған жер табиғаты залы, Археология залы, Этнография залы, Ұжымдастыру залы, Ұлы Отан соғысы залы, Кеңес дәуіріндегі Меркі жері залы, Тәуелсіз Қазақстан залы.
Музейдің археологиялық экспозициясына қойылған жәдігерлердің барлығы жергілікті жердегі зерттеу қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған. Сонымен қатар, танымал зергер, халықаралық Карл Фабержье «Құрмет» орденінің иегері Берік Әлібайдың қолынан туған дүниелер құнды жәдігер ретінде музей қорында сақталған. 

Мекен - жайымыз: Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылы, Ә.Исмайлов көш., №222
Телефон:
Директордың қабылдау бөлмесі: +7 (7263) 222015
Анықтама; +7 (7263) 240112, 222010
E-mail: merkе_muzei@mail.ru


Мойынқұм аудандық Жазылбек Қуанышбаев атындағы музейі

Мойынқұм аудандық Жазылбек Қуанышбаев атындағы музейі – 1973 жылы құрылған.
1986 жылға дейін «Облыстық тарихи-өлкетану музейінің» филиалы ретінде есептеліп, 1987 жылы 9 сәуірде Мойынқұм аудандық депутаттарының және аудан жұмыскерлерінің №33-153-8 шешімімен аудандық музейге екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атанған Жазылбек Қуанышбаевтың есімі берілді.
Директоры – Қожагелдиева Лейла Шайбайқызы.
Музей ғимаратының 219 шаршы метрі қорға қарастырылған болса, 319,2 шаршы метрден асатын экспозициялық 5 залы: өлкетану, табиғат, археологиялық, шопандар тұрмысы және этнография залдары халыққа қызмет көрсетеді.
Музейдің археологиялық экспозициясына қойылған жәдігерлердің барлығы қола дәуіріне тиесілі «Қожабала қорымынан» (б.э.д. ХІІІ-ХІІғ.ғ.) жергілікті жердегі зерттеу қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған. Негізгі көрсететін қызметі  халқымыздың мәдени-тарихи мұрасын сақтау және оларды тұрғындардың тамашалауына жағдай жасап, таныстырып отыру болып табылады.
Сондай-ақ, экспозициядағы экспонаттар үш тілде жазылған.
Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Көшенов көшесі №1
Телефон:
Директордың қабылдау бөлмесі +7 (72642) 21396
Анықтама +7 (72642) 21266
E-mai: moinkummuseum@mail.ru


Талас аудандық тарихи-өлкетану музейі

Талас аудандық тарихи-өлкетану музейі 1989 жылы 20 тамызда Жамбыл облысы Талас ауданының орталығы Ақкөл ауылында Талас аудандық тарихи және өлкетану музейі болып ашылған. Музей Қазақстан Компартиясы Талас аудaндық комитетінің бюросы мен Халық депутаттары аудандық кеңесі атқару комитетінің 1989 жылғы 22 сәуірдегі «Ақкөл селосында қоғамдық негіздегі ауданның тарихи және өлкетану музейін ашу туралы» №146 қаулысы негізінде салынған.
1997 жылдың 12 мамырындағы Елбасының Жарлығына сәйкес Талас ауданы, Қаратау қаласымен қосылғандықтан, аудандық музей Қаратау қаласына көшіріліп алынды. Қазіргі кезде, Талас аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры қызметін Рымқұлов Есенхан Койшыманұлы атқаруда.
Музейге Қаратау қаласының бұрынғы орталық алаңында орналасқан «Горняк» кинотеатры берілді. Бұл ғимараттың жалпы ауданы– 461,2 шаршы метрді құраса, оның 320,6 шаршы метрі экспозициялық көрме қойылымдарына бөлінді. Бұдан өзге қор сақтайтын мұрағат үшін 32 шаршы метр аудан бөлінді.
Аудандық музей археология, этнография, палеонтология, Талас ауданының тарихы, Қаратау тау-кен комбинаты, Тәуелсіз Қазақстан атты бірнеше залдардан тұрады.
Музей экспозициясы соңғы үлгідегі (Touchsmart) теле-моноблокпен жабдықталған, онда Талас ауданының тарихы, Талас өңіріндегі тарихи-сәулетті ескерткіштері, музей туралы ақпараттар жайлы бейне-роликтер көпшілік назарына ұсынылуда.
Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы, Т.Рысқұлов көшесі, №16
Телефон: +7 (72644) 61017, 51803       
E-mail: talasmuzey@mail.ru


Асанәлі Әшімов шығармашылық орталығы

Асанәлі Әшімов шығармашылық орталығы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің қалалық бөлімі болып 2011 жылдың желтоқсан айынан бастап жұмыс жасайды.
Асанәлі Әшімов – Қазақстан Республикасының Еңбек Ері, КСРО және Қазақстан Республикасының халық артисі, КСРО және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлықтарының иегері, дарабоз актер және режиссер.
Орталықтың кіре беріс бөлмесінде А. Әшімовтың ұзына бойына түскен фотосұлбасы келген қонақтардың көзайымына айналған.
Шығармашылық орталық экспозициясында А. Әшімұлы жайлы баспа бетінде жарық көрген мақалалар мен фотосуреттер басылған газет – журналдар, Халық артисінің әдеби шығармашылығына байланысты – қаламынан туған кітаптар топтамасы қойылған. Орталықта кинофильмдері сақталған, ойнаған спектакльдері «Телетеатр» арқылы қойылып тұрады. Жеке қолданыста болған заттары, құжаттары қойылған. Шығармашылық орталықтың үшінші бөлмесінде А. Әшімовтың жеке қорынан алынған отбасылық түрлі – түсті фотосуреттері мен портреттері (кескіндеме), фотопортреттері қабырғаға ілінген.
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Рахимов көшесі, №55 үй
Телефон: +7 (7262) 51-31-92
E-mail: asanlishimov@mail.ru


Бауыржан Момышұлы мемориалдық музейі

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің Жуалы аудандық Б.Момышұлы мемориалдық музейі 1995 жылы 5-мамыр  күні салтанатты түрде ашылып, халыққа қызмет көрсетіп келеді.
Ғимараттың ауданы 259,4 кв.м., 6 бөлмелі, 1 қабаттан тұрады. Кірпіштен соғылған.
Музей қорында жалпы 2444  жәдігер бар, ал  экспозициясы келушілердің Кеңес Одағының батыры Бауыржан өмірімен, ерлігімен толық таныса алу үшін өте мазмұнды жасақталған. Онда   Бауыржан Момышұлының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жеке заттары, көптеген фотосуреттері, құжаттары, кітаптары, соғыс жылдарындағы және бейбіт өмірде алған марапаттары, Б.Момышұлының шет елде шығарылған кітаптары, шетелдік іс-сапарларда батырға сыйланған кәдесыйлары қойылған.  
Мекен-жайы: Жуалы ауданы Ақсай округі, Қайрат ауылы Абай көшесі 1 «б»
Телефондары: +7 (726352) 3 4 63
E-mail: kalamkas.berikova@mail.ru


Академик К.И.Скрябин музей-үйі

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің қалалық бөлімі академик К.И.Скрябиннің музей-үйі 1962 жылы ашылған.
Константин Иванович Скрябин (1878-1972) – орыс биологы, гельминтология ғылымының негізін қалаушы, КСРО академигі (1939), КСРО медициналық ғылымының академигі, Социалистік Еңбек ері (1958).  К.И.Скрябин музей үйінің ашылу салтанатына ғалым жұбайымен келіп, өз қолымен музей қорына жеке заттарын, қол жазбаларын, құжаттары мен фотосуреттерін тапсырған. Бұл үйде  ғалым 1907-1911 жылдар аралығында тұрды.
Академиктің 140 жылдық мерейтойына орай  ғимаратқа қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңадан экспозиция жасақталды. Ғимарат 6 бөлмеден тұрады, үшеуінде экспозиция жасақталған, онда ғалымның қызметі мен өміріне байланысты жеке заттары, құжаттары, материалдар, сирек қолжазбалар мен фотосуреттер қойылған, сонымен қатар жұмыс кабинеті, ондағы жұмыс үстелі, отырған диваны, жиһаздары сол күйінде сақтаулы тұр.
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Асқаров көшесі, №32 үй
Телефондары: +7 (7262) 45 00 26


Дом-музей академика К.Скрябина

Городской отдел Жамбылского областного историко-краеведческого музея, дом-музей академика К.И.Скрябина был открыт 1962 году.
Константин Иванович Скрябин (1878-1972) – русский, советский биолог, основатель науки гельминтологии, академик трех Академии СССР, Герой Социалистического труда.  В этом доме ученый проживал с семьей с 1907-1911 годы. На открытие дома-музея приезжал сам К.Скрябин со своей женой и передал много личных вещей, рукописи, книги, фотографии, коллекцию влажных препаратов гельминтов.
К 140 годовщине со дня рождения К.Скрябина в доме сделан капитальный ремонт и новая экспозиция. Дом из 6 комнат, 3 из которых занимают мемориальный музей.
Адрес: г.Тараз, улица Аскарова, 32 
Телефоны: +7 (7262) 45 00 26


Сарысу аудандық Төкен Мақашев атындағы тарихи-өлкетану музейі

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлімі Сарысу аудандық  Т.Мақашев атындағы тарихи-өлкетану музейі 1978-жылы Сарысу ауданының құрылғанына  50 жыл толу  қарсаңында ашылған болатын.
1992 жылы 20 қыркүйекте Сарысу ауданының әкімі Ә.Көпбергеновтің  шешімі бойынша Сарысу ауданына көптеген еңбегі сіңген азамат, еңбек ардагері Т.Мақашевтің есімі берілді. Бүгінгі күні Сарысу аудандық Т.Мақашев атындағы тарихи-өлкетану музейінде «Көне дәуір» залы, «Ықылас Дұкенұлы»залы, «Табиғат»залы, «Ұлы Отан соғысынынан кейінгі кезең». «Этнография», «Мәдени ағарту және өнер» залдары халыққа қызмет көрсетуде. Музей қорында 5000 ға жуық  жәдігер бар.
Мекен-жайы: Сарысу ауданы, Саудакент ауылы,  Рысқұлов көшесі №2
Телефондары:  +7 (72634) 2 13 57
E-mail: kokusheva81@mail.ru


Т.Рысқұлов аудандық бөлімі

Т.Рысқұлов аудандық музейі 1983 жылы ашылған.
Бүгінгі таңда Т.Рысқұлов аудандық тарихи-өлкетану музейінде үш экспозициялық зал жұмыс жасайды.  Олар: археологиялық, этнографиялық және тарихи зал.     Музей  қорында 9557 дана жәдігерлер бар.    
Экспозицияда Құлан қалашығында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған қыштан жасалынған бұйымдар, тұрмыстық заттар, соғыс және еңбек ардагерлерінің құжаттары, орден және медальдары, марапаттары қойылған. Т.Рысқұловқа арнайы экспозиция жасақталған.
Мекен-жайы: Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі
Телефон: +7 (72631) 2 26 15
E-mail: tram.1983@mail.ru


Шу аудандық тарихи-өлкетану музейі

Шу ауданының орталығындағы Төле би ауылындағы тарихи-өлкетану музейі облыстық музейдің Шу аудандық бөлімі болып 1986 жылы алғаш қоғамдық негізде құрылған болатын.
Жалпы музей қорында 4000 нан аса  жәдігер бар.
Музей қоры аудан тарихын баяндайтын этнографиялық, археологиялық, құжаттық және тұрмыстық заттардан, ауданнан шыққан ақын-жазушылардың шығармалары, Ұлы Отан соғысы, Социалистік Еңбек Ерлерінің құжаттарынан тұрады.  Ал қордың құндылығын көне қалалардың бірі Баласағұн қалашығынан табылған V-XIII ғасырларға жататын жәдігерлер арттырып отыр.
Қазіргі таңда Шу аудандық музейінің жеке ғимараты жоқ, «Өнер» сурет мектебінің 2 бөлмесінде жұмыс жасап отыр.
Мекен-жайы: Шу ауданы, Төле би ауылы, Балуан шолақ көшесі, №189 үй
Телефон: 8 775 155 13 16
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАНanticorБЖЗҚQazlatynҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ -  ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ РЕСМИ САЙТЫМемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзіСайт президентаРухани Жаңғыру