kk ru
Фотобаян Бейнебаян Виртуалды тур Виртуалды музей
Жамбыл облысы
Мәдениет, архив мекемелері

Театрлар

                  Жамбыл облыстық қазақ драма театры


Жамбыл облыстық қазақ  драма театры  1936 жылдың   16 наурызында  өз шымылдығын тұңғыш рет Б.Майлиннің «Келін мен шешей» және Қ.Қырқымбаевтың «Келіншек» атты комедияларымен ашқан.
Театр сол  уақыттан бері,  төл мәдениетіміз бен әдебиетіміздің,   сондай-ақ,  бұрынғы Кеңес елі  мен  шет ел әдебиеттерінің драматургия саласындағы  інжу-маржандарын  сахнаға шығарып, халыққа рухани және мәдени тұрғыда өлшеусіз қызмет көрсетіп, сан буын ұрпақ тәрбиесіне зор үлесін  қосып келеді.
Осы кезең ішінде театр 500-ден  аса  драматургиялық туындыларды сахнаға дайындап,  солардың негізінде  10 мыңнан  аса қойылымдар  көрсетті.
Театр көптеген республикалық және халықаралық театр фестивальдарына қатысып, лауреат, дипломант атанған. Әр кездері Польша, Россия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Татарстан, Мысыр Араб Республикасы, Румыния елдерінде гастрольдік сапарларда болып, өнер фестивальдарына қатысқан.
Театрда әр жылдары Ә.Мәмбетов, А.Тоқпанов, Т.Дүйсебаев, Ж.Омаров, М.Байсеркенов, Ә.Құлданов, Е.Оразымбетов, О.Кенебаев, Қ.Қасымов сынды белгілі өнер қайраткерлері  режиссерлік  қызметтер атқарған.
Театрдың қазіргі директоры белгілі жазушы-драматург Б.Бекжанов, Көркемдік жетекшісі - М.Ақүрпеков, бас суретшісі - Р.Сапаралиева.
Осы жылдар ішінде театрдан 3 - Қазақстанның Халық артисі, 23 - Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, 2 - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 12 - Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, 20-дан аса Халықаралық және Республикалық театр фестивальдарының лауреаттары,  бірнеше Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаттары, сонымен қатар, көптеген орден-медальдардың иегерлері шықты.
Қазіргі кезде театрдың ағымдағы  репертуарында 30-дан аса қойылымдар бар. Олардың ішінде шет ел, орыс және қазақ классиктерінің 10-нан аса туындылары, тарихи және бүгінгі күн тақырыбындағы шығармалар мен 4-5 комедия, бірнеше балаларға арналған ертегілер бар.
Театр директоры: Бекжанов Болат Үмбетәліұлы, тел: 45-29-68
Театрдың мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы 115  үй
Ресми сайты: www.taraz-teatr.skom.kz
Интернет парақшалары:
ВКонтакте https://vk.com/id384386660
Мой Мир: kaz_dram_teatr@mail.ru
Инстаграмм: jambyl_obl_kaz_dram_teatr


Жамбыл облыстық орыс драма театры



Жамбыл облыстық орыс драма театрының іргетасы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Министрлер Кеңесінің №141 Жарлығымен 1967 жылы 2 наурызында қаланған.
2013 жылы Жамбыл облыстық орыс театры  Керчь (Украина) қаласында өткен Халықаралық театрландырылған «Беспорские агоны» фестивалінде  «Антика тақырыбындағы ең үздік сахна» номенациясы бойынша Жанна Ануйя «Антигона» трагедиясымен лауреат атағын алды.
2017 жылдың наурыз айында Сербия Республикасының Белград қаласында өткен «Славия-2017» XVI Халықаралық театр фестиваліне Э.Родзинскийдің «Нерон и Я» қойылымымен қатысып, «Дон Кихот» мүсінінің кіші жүлдесімен марапатталды.
Театр ұжымы 2018 жылдың маусым айында Македония Республикасы Велес қаласында өткен «СТОБИ 2018» Халықаралық антика драмасының театралдық фестиваліне қатысып, байқау қорытындысы бойынша Эдвард Радзинскийдің «Нерон и Я» қойылымындағы Сенеки бейнесін жоғарғы деңгейде сомдағаны үшін   ҚР "Мәдениет саласының үздігі" медалінің иегері Б.Избасаров «Ең үздік ер адам бейнесі» марапатымен наградталды.
2016 жылы театр әртістері В.Сукопов, Б.Избасаров, О.Избасарова, Э.Аккулиева, Н.Антимонова Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» атты төс белгілерімен  наградталды.
Театр ұжымы Жамбыл облысының Бишкек қаласындағы (Кыргызстан). Шымкент қаласындағы (2012 ж), Талдықорған (2014 ж.) Астана қаласындағы  (2013 ж., 2016 ж., 2017 ж, 2018 ж.) Мәдени күндерін ойдағыдай өткізіп, жоғарғы деңгейде өнер көрсетіп келеді.
Театр қызметкерлерінің жалпы саны – 70 адам.
Театр репертуарында 43 қойылым қамтылған, соның ішінде балаларға арналған 18 ертегі.
Театр директоры: Ақылдос Тлеубаевич Тәжиев тел.: 45-26-01
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы 115  үй (Қазақ драма театрының ғимараты)

Ресми  сайт: zhambyl-teatr.kz

Интернет парақшалары:
  • Facebook @tarazdrama
  • МойМир taraz.rus.teatr@mail.ru
  • Инстаграмм us.dram.teatr

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАНanticorБЖЗҚQazlatynҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ -  ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ РЕСМИ САЙТЫМемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзіСайт президентаРухани Жаңғыру