kk ru
Фотобаян Бейнебаян Виртуалды тур Виртуалды музей
Жамбыл облысы
Іс шаралар
04 маусым 2019 ж., 10:57

«Мемлекеттік рәміздер - халықтың рухани бағдары» форсайт-сессия

«Мемлекеттік рәміздер - халықтың рухани бағдары»

форсайт-сессия

Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бродкастинг залында 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай кітапхана ұжымы мен «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша   педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтымен бірлесе ұйымдастырған «Мемлекеттік рәміздер -халықтың рухани бағдары» форсайт-сессия өтті.

Форсайт-сессияның мақсаты - ҚР мемлекеттік рәміздері бойынша коммуникативтік алаң құру, жас ұрпақ бойында Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауды қалыптастыру, оларды өз Отанын сүюге және патриотизмге тәрбиелеу. 

Іс-шараға «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша   педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының қызметкерлері, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйінің тұрғындары, «Радуга әлемі» балабақшасының тәрбиеленушілері, кітапхана қызметкерлері қатысты.  

Форсайт-сессия Қазақстан Республикасының Әнұранын шырқаумен басталып, әрі қарай қатысушылардың Мемлекеттік рәміздерге деген құрметі мен тарихы туралы баяндалып, жан-жақты талқыланды. Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Э.Абдинова мен «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша  педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Г.О.Медетбекова қатысушыларды айтулы мерекелерімен құттықтады. 

 «Радуга әлемі» балабақшасының бір топ бүлдіршіндері Мемлекеттік Әнұранды қосыла шырқап, арнайы жаттап келген өлеңдерін оқыды. 

















Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАНanticorБЖЗҚQazlatynҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ -  ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ РЕСМИ САЙТЫМемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзіСайт президентаРухани Жаңғыру