kk ru
Фотобаян Бейнебаян Виртуалды тур Виртуалды музей
Жамбыл облысы
Іс шаралар
26 сәуір 2019 ж., 10:41

КЕНЕН ӘЗІРБАЕВ АТЫНДАҒЫ ІХ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ШЫРҚА, ДАУСЫМ!» ДӘСТҮРЛІ ӘНШІЛЕР КОНКУРСЫ

2019 жылдың 26 сәуірінде Жамбыл облысы әкімінің қолдауымен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының ұйымдастыруымен Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, аса көрнекті халық композиторы, ақын Кенен Әзірбаев атындағы ІХ Республикалық «Шырқа, даусым!» дәстүрлі әншілер конкурсы ұйымдастырылды.

 ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалаларын ілгерілету, Кенен Әзірбаевтың 135 жылдығы аясында шығармашылығын кеңінен насихаттап, ұрпақтан – ұрпаққа жеткізу, дарынды жастардың орындаушылық шеберлігінің шыңдалуына, көпшілікке танылуына мүмкіндік жасау, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Конкурсқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды, Семей, Тараз қалаларынан және Жамбыл облысының елді-мекендерінен 16-35 аралығындағы 33 өнерпаздар қатысты. 

«Баласағұн» ОКЗ-ның екінші қабатында Кенен Әзірбаевтың ұрпақтары, сонымен қатар мәдениет, арxивтер және құжаттама басқармасының басшысы - Дүйсенәлі Дыбысалыұлы Бықыбаев, әнші, Қазақстанның мәдениет қайраткері -Дүйсенбек Төребекұлы Өмірәлиев, әнші, «Өнертану» ғылымдарының магистры, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Өнер университеті «Дәстүрлі ән» кафедрасының оқытушысы, ҚР Мәдениет қайраткері - Ерболат Заманбекұлы Шалдыбеков, Жамбыл облыстық «Қоғамдық кеңестің» мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері - Әлібек Әмзеұлының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Жамбыл облыстық филармониясының директоры Сейтқасым Шерімұлы Түктібаевқа Бақытжан Кененұлы мен ұрпақтарының атынан "Ұлы Дала жыршысы" кітабы мен "Көңіл кептері" атты музыкалық топтама сыйға тапсырылды. Іс-шара аясында Кенен Әзірбаевтың шығармашылығы мен өміріне арналған бұрыштың тұсаукесері өтті. Кенен атамыздың бел баласы, Жазушылар одағы мен Журналистер одағының мүшесі - Бақытжан Кененұлы, Мәдениет қайраткері, ардагер ұстаз, Іле ауданының құрметті азаматшасы -Төрткен Кененқызы қатысушы үміткерлерге сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

Кенен Әзірбаев атындағы ІХ Республикалық «Шырқа, даусым!» дәстүрлі әншілер конкурсына арнайы шақырылған қонақтар: Бақытжан Кененұлы (ақынның ұлы), Бақытжан Сағынбекқызы (ақынның келіні), Мұхтар Әзірбаев (немересі), Төрткен Кененқызы (ақынның қызы), Баян Тасығанқызы (Төрткен апаның қызы), Айдос Төрткен немересі (немересі). 

Іс-шара салтанатты түрде ашылып, ІІ кезең бойынша өнерпаздар бақ сынасты. І кезеңде ереже бойынша үміткерлер 3 әннен орындап, нәтижесінде екінші кезеңге 15 үміткер өтті. Сондай-ақ, конкурс барысында  Кенен Әзірбаевтың шығармашылығы мен өміріне арналған «Алатаудың ақиығы» атты деректі фильм көрсетіліп, ақынның ұрпақтарымен кездесу өтті. Екі ғасырдың куәгері, Алатаудың бұлбұлы атанған қазақ халқының дүлдүл ақыны Кенен Әзірбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы түсірілген деректі фильмде ақынның өмір жолы, туған жері, өскен ортасы туралы сыр шертілді. Кенен Әзірбаев жайлы ғалымдардың, әдебиет және өнер зерттеушілердің ойлары айтылды. Деректі фильм көрсетілімінен кейін, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. 

Қазылар құрамында:

  1. Қазылар алқасының мүшесі: Дүйсенбек Төребекұлы Өмірәлиев – әнші, Қазақстанның мәдениет қайраткері;
  2. Қазылар алқасының мүшесі: Ерболат Заманбекұлы Шалдыбеков – әнші, «Өнертану» ғылымдарының магистры, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Өнер университеті «Дәстүрлі ән» кафедрасының оқытушысы, ҚР Мәдениет қайраткері:
  3. Қазылар алқасының мүшесі: Есенбек Әмірбекұлы Сәтпаев – Қазақ өнерінің қайраткері;
  4. Қазылар алқасының төрағасы: Әлібек Әмзеұлы - Жамбыл облыстық «Қоғамдық кеңестің» мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері. 

Қазылар шешімі бойынша: 

  1. Бас жүлде иегері: Сәуле Жұмабайқызы – Алматы облысы (500 000тг.)
  2. І орын иегерлері: 1) Мадияр Бақытжанұлы Шалабаев – Жамбыл   облысы (300 000тг.)

                                 2) Балжан Бағдәулетқызы Талғат – Түркістан облысы (300 000тг.)

  1. ІІ орын иегерлері: 1)Бисенбек Қуанышбайұлы Төлеубаев – Қызылорда облысы (200 000тг.)

                               2) Алуа Айтбекқызы Қалымбекова – Қарағанды облысы (200 000тг.)

  1. ІІІ орын иегерлері:1) Таңнұр Мәнура – Қытай Халық Республикасы (150 000тг.)

                                2) Елтоқ Сымбат – Қытай Халық Республикасы          (150 000тг.)

Дипломанттар (50 000тг.): 

1. Ақжол Исатайұлы Өсербай – Алматы қаласы;

2. Елбол Сейілбекұлы Қуанбек – Кентау қаласы;

3. Айдана Нұрланқызы Асанбаева – Алматы қаласы;

4. Толғанай Әшімбекқызы Кеңес – Нұр-Сұлтан қаласы;

5.Ербосын Ерболұлы Қасымбеков – Жамбыл облысы;

6. Нұриддинұлы Бек – Өзбекстан Республикасы;

7.Ердәулет Әбілқасымұлы Жамбылов – Өзбекстан Республикасы;

8.Есекеева Айгүл – Тараз қаласы.

Конкурсқа қатысқан қалған 18 өнерпаз Алғыс хат пен ақшалай сыйлыққа (30 000тг.) ие болды. 

Жамбыл облысы мен Тараз қаласынан қатысқан конкурс жеңімпаздары 13-қыркүйекте Тараз қаласында өтетін І Облыстық «Талас толқындары»музыкалық өнер фестиваліне жолдама алып, өнер додасында бақ сынасады.














Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАНanticorБЖЗҚQazlatynҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ -  ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ РЕСМИ САЙТЫМемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзіСайт президентаРухани Жаңғыру