kk ru
Фотобаян Бейнебаян Виртуалды тур Виртуалды музей
Жамбыл облысы
Іс шаралар
22 мамыр 2019 ж., 16:54

«Ауылдық кітапхана – жергілікті қоғамдастық орталығы» Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасындағы ауылдық кітапханалар күндері

«Ауылдық кітапхана – жергілікті қоғамдастық орталығы» 

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасындағы ауылдық кітапханалар күндері 

Талас ауданы Ақкөл ауылдық кітапханасының күні


Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары мен «Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, кітапханашылар арасында тәжірибе алмасу мақсатында үстіміздегі жылдың наурыз-маусым айларына жоспарланған «Ауылдық кітапхана – жергілікті қоғамдастық орталығы» ауылдық кітапханалар күндері аясында Талас ауданы Ақкөл ауылдық кітапханасы  Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР Білім беру ісі мен Мәдениет саласының үздігі, ақын-жазушы, сазгер, Ақкөл ауылының тумасы Үміт Битеновамен «Тұнық жырдың тұмары – Үміт ақын»  кездесу кешін өткізді.

Іс-шараға Талас ауданының Құрметті азаматтары, Жамбыл облыстық қазақ драма театрының директоры Болат Бекжан, Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің басшысы Пернебек Оспанов, Ұлбике ақын атындағы аудандық мәдениет үйінің директоры Кендия Прман қатысып, өмірін өлеңмен өрнектеген ақын Үміт Қыранқызы туралы қызықты әңгімелерімен бөлісті. 

Ұйымдастырушылар оқырмандарға ақынның өмір жолы, шығармашылығы, жетістіктері жайында мағлұмат бере отырып, арнайы әзірленген слайд-презентациясын көрсетті. 

Кездесу барысында Қаратау ғазалдарын өн бойына дарытып, нәзік лирикасымен жүректерге жол тапқан ақын Үміт Қыранқызымен сырлы сұхбат жүргізіліп, алдағы жоспарларына тоқталды. 

Қатысушылар назарына «Тұнық жырдың тұмары - Үміт ақын» кітап көрмесі ұсынылып, Акқкөл ауылдық орта мектебінің оқушылары ақынның жинаққа енген «Туған жер», «Тәуелсіздік тірегі», «Ұлы Жеңіс» өлеңдерін оқып, «Мама», «Таласым», «Ақ қанат көбелек, аппақ қар» әндерін шырқады. Айтыскер ақын, Үміт Қыранқызының жолдасы Ербол Қамбатыров оқырмандарға «Қыздар, ай, қыздар» тарту етті. 

Кеш соңында «Көңілашар» триосы Үміт Битенованың «Талас» әнін орындады. 

Ақкөл ауылы кітапханашыларының көрсетілім іс-шарасына офлайн қатысушы ретінде Тараз қаласы оқу орындарының білімгерлері мен қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің қызметкерлері, ал онлайн жүйесінде барлық аудан кітапханашылары қатысты.
















Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАНanticorБЖЗҚQazlatynҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ -  ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ РЕСМИ САЙТЫМемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзіСайт президентаРухани Жаңғыру