kk ru
Фотобаян Бейнебаян Виртуалды тур Виртуалды музей
Жамбыл облысы
Іс шаралар
22 мамыр 2019 ж., 16:23

«Ауылдық кітапхана – жергілікті қоғамдастық орталығы» Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасындағы ауылдық кітапханалар күндері

«Ауылдық кітапхана – жергілікті қоғамдастық орталығы» 

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасындағы ауылдық кітапханалар күндері

Т.Рысқұлов   ауданы Тереңөзек  ауылдық кітапханасының күні

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары мен «Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, кітапханашылар арасында тәжірибе алмасу мақсатында үстіміздегі жылдың наурыз-маусым айларына жоспарланған «Ауылдық кітапхана – жергілікті қоғамдастық орталығы» атты ауылдық кітапханалар күндері аясында Т.Рысқұлов  ауданы Тереңөзек  ауылдық кітапханасы  Қазақстан Жазушылар одағы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, «Егемен Қазақстан» газетінің Жамбыл облысы бойынша тілшісі, ақын, Тереңөзек ауылының тумасы Хамит Есаманмен  «Құландағы қара өлең» атты  кездесу кешін өткізді.

Өңір жастары, Тараз қаласындағы оқу орындары білімгерлерінің дарынды ақынмен өткен кездесу кешіне Хамит Есаманның ұстазы, облыстық ақсақалдар мүшесі, зейнеткер ұстаз Дабылбеков Кеңес және қаламгер әріптестері, құрдастары қатысып, ой бөлісті. 

Тереңөзек ауылының кітапханашыларының көрсетілім іс-шарасына офлайн қатысушы ретінде Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы, көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы, Тараз қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің қызметкерлері, ал онлайн жүйесінде барлық аудандардың көпшілік кітапханалар жүйелерінің кітапханашылары қатысты.











Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАНanticorБЖЗҚQazlatynҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ -  ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ РЕСМИ САЙТЫМемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзіСайт президентаРухани Жаңғыру