kk ru
Фотобаян Бейнебаян Виртуалды тур Виртуалды музей
Жамбыл облысы
Іс шаралар
22 мамыр 2019 ж., 17:18

«Ауылдық кітапхана – жергілікті қоғамдастық орталығы» Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасындағы ауылдық кітапханалар күндері

«Ауылдық кітапхана – жергілікті қоғамдастық орталығы» 

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасындағы 

ауылдық кітапханалар күндері

Сарысу ауданы Игілік ауылдық кітапханасының күні


Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары мен «Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, кітапханашылар арасында тәжірибе алмасу мақсатында үстіміздегі жылдың наурыз-маусым айларына жоспарланған «Ауылдық кітапхана – жергілікті қоғамдастық орталығы» атты ауылдық кітапханалар күндері аясында Сарысу ауданы Игілік ауылдық кітапханасы Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Маралтай Райымбекұлының 50 жылдық мерейтойына орай «Ай астындағы Кентавр» поэзиялық қонақжай кешін өткізді. 
    Ұйымдастырушылар Маралтай Райымбекұлының өмір жолы мен шығармашылығына кеңінен тоқталып, Кентавр болмысындағы ақынды оқырмандармен таныстыратын «Туған жер.Ұшқан ұя» тақырыбында медиа саяхат ұйымдастырды. 

«Балалық шаққа саяхат» көрінісінде ақынның балалық шағындағы естен кетпес қызықты сәттерінен арнайы репортаж көрсетті.

«Көңіл көктемі» жыр элегиясында ақынның «У қайтару», «Игілік», «Жез қоңырау», «Асанәлі-Бағдат» дастаны оқылып, ақынның жерлесі, ақын-сазгер Асхат Абзалбек «Неғылайын» әнін шырқады. 

«Кеудемде періштелер ұя салған...» ашық әңгіме алаңы ұйымдастырылып, Маралтай Райымбекұлы жиналған жұртқа туған еліне, өзі өсіп өнген ауылына деген сағымды сағынышын жеткізіп, жүрекжарды тілегін білдірді.

Кітапхана қызметкерлері ақынның  шығармашылығынан сыр шертетін «Мәңгілік ел – шежіресі даламның» кітап инсталляциясын жиналған қауымға ұсынды. 

Игілік ауылдық кітапханашыларының көрсетілім іс-шарасына офлайн қатысушы ретінде Тараз қаласы оқу орындарының білімгерлері мен БАҚ өкілдері, қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің қызметкерлері, ал онлайн жүйесінде аудан кітапханашылары қатысты.











Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАНanticorБЖЗҚQazlatynҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ -  ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ РЕСМИ САЙТЫМемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзіСайт президентаРухани Жаңғыру