kk ru
Фотобаян Бейнебаян Виртуалды тур Виртуалды музей
Жамбыл облысы
Іс шаралар
22 мамыр 2019 ж., 17:26

«Ауылдық кітапхана – жергілікті қоғамдастық орталығы» Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасындағы ауылдық кітапханалар күндері

«Ауылдық кітапхана – жергілікті қоғамдастық орталығы» 

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасындағы ауылдық кітапханалар күндері

Меркі ауданы Кеңес  ауылдық кітапханасы


Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары мен «Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, кітапханашылар арасында тәжірибе алмасу мақсатында үстіміздегі жылдың наурыз-маусым айларына жоспарланған «Ауылдық кітапхана – жергілікті қоғамдастық орталығы» атты ауылдық кітапханалар күндері аясында Меркі ауданы Кеңес ауылдық кітапханасы ауыл тумасы, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген өнер қайраткері, Қазақ өнерін қастерлеген жергілікті танымал сазгер, ардагер ұстаз Шәбден Омаралиевпен «Өмірін әнмен әлдилеген ұстаз!»  кездесу кешін өткізді.

Іс-шара барысында сазгердің балалық өмір өткелдері мен шығармашылық жолына шолу жасалынды. Кездесу барысында сөз алған Шәбден Омаралиев өскен ортасы, білім алған мектебі, өлеңге деген құштарлығы туралы кеңінен әңгімелеп, жергілікті ақындарымыздың өлеңдеріне 100-ден аса ән жазғанын, лирикалық әндермен қатар, тарихи тұлғаларды дәріптеуге арналған дүниелері туралы айтып берді. 


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАНanticorБЖЗҚQazlatynҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ -  ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ РЕСМИ САЙТЫМемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзіСайт президентаРухани Жаңғыру