kk ru
Фотобаян Бейнебаян Виртуалды тур Виртуалды музей
Жамбыл облысы
Жаңалықтар
18 маусым 2019 ж., 17:11

ОБЛЫС ӘКІМІ ЗИЯЛЫ ҚАУЫММЕН КЕЗДЕСТІ

Елбасының «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында облыс әкімі А.Мырзахметовтің бастамасымен Жамбыл облысының 80 жылдығына орай көптомдық кітап шығару жұмыстары жүргізілуде. 

Көптомдық шығарудың мақсат-міндеті – облыстан шыққан белгілі тұлғалардың жауһар мұраларын, облыс көлеміндегі тарихи-мәдени ескерткіштер жайында жазылған туындыларды насихаттау арқылы болашақ ұрпақтың бойына туған жерді қастерлеу, оны ұрпақтан-ұрпаққа көздің қарашығындай аманаттау. 

Ағымдағы жылдың 18 маусымында Жамбыл облысы әкімі Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен облыстың 80 жылдық мерекесі қарсаңында өтетін «Қазақ елі – түрік мәдениетінің мирасқоры» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізу мен жарыққа шығатын көптомдық кітаптар жинағын шығару барысы туралы кеңес өтті. Кеңеске шығыстанушы, дінтанушы, әдебиет зерттеуші, жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Дербісәлі Әбсаттар Қажы Бағысбайұлы, Халықаралық адам институтының президенті Әкім Жанұзақ, жоғарғы оқу орындарының ректорлары, өңірдің тарихшы-өлкетанушылары, архивистері, жазушы, журналистер қатысты. 

Көптомдықты дайындаудың тұжырымдамасы мен жасалған ережені таныстыру және өз пікірлерін білдіру еліміздің таңдаулы ғалым-жазушылары мен тарихшыларына ұсынылды. 

Өңірдің жергілікті жоғары оқу орындарының тарихшы-ғалымдары мен танымал ақын-жазушылары шақырылып арнайы кездесулер ұйымдастырылып, көптомдыққты жарыққа шығару жайы жан-жақты талқыланды. Талқыланған ұсыныс-пікірлер нәтижесінде жұмыс жүргізудің бағыттары айқындалды. 

Мекемтас Мырзахметов, Мырзатай Жолдасбеков, Әбсаттар қажы Дербісәлі және Мәмбет Қойгелдиевтің келісімімен сарапшылар кеңесінің төрағалығына т.ғ.д., профессор Талас Омарбеков тағайындалса, Кеңестің хатшылығына Мақұлбек Рысдәулет ұсынылды. 

Бүгінгі таңда, қажетті материалдарды дайындау төмендегі 2 бағытта құрылып, жұмыс жасауда: 

1) өңірдің тарихын зерттеуге бағытталған тарихи-танымдық ғылыми-зерттеу жұмысшы тобы (жетекшісі тарих ғылымдарының магистрі, тарихшы, археолог Қалиев Сауран, құрамында  6 адам);

2) Халық шығармашылығы тобы (жетекшісі ф.ғ.д., профессор Құлбарақ Сәмен, құрамында 5 адам).

Нәтижесінде ғылыми-зерттеу тобы өңірдің көне дәуірден тәуелсіздік алғанға дейінгі кезеңдегі өткенін зерттеп, зерделеп, бұрын-соңды жарық көрмеген, ғылыми айналымға енгізілмеген тың тарихи архив деректерін хронологиялық ретпен топтастырып, барлығы 15 том баспаға дайындап отыр. Жұмыс барысында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Шохан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты, Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеттерімен тығыз ғылыми байланыстар орнатылған.

Екінші жұмысшы топ Жамбыл облысы халық шығармашылығы бағыты бойынша халық фольклоры салаларының (тарихи аңыздар мен мифтер, топонимдік аңыздар, тарихи жырлар, аңыздық жырлар, айтыстар, қазіргі айтыстар, шешендік сөздер, тарихи аңыз желісіндегі шығармалар, т.б.) түрлерін қамтыған. Бұл бағытта қазіргі уақытта 65 том шамасындағы материал жинақталып, жүйеленуде. 

Сондай-ақ, мәдениет саласына қарасты архив, кітапхана қызметкерлері еліміздің тарихи тұлғалары – Төле би, Бөлтірік шешен, Бауыржан Момышұлы, Шерхан Мұртаза сынды тағы да басқа аты аңызға айналған тұлғалар хақында мақалалар, зерттеу материалдарын дайындап, архивтің сирек қорларында сақталған тың тақырыптардағы шығармаларды жинақтауда.

Бұдан өзге, өңірге қатысты бұрын жарық көрген кітаптардан 15 том қайта басылуға ұсынылса, аталған көптомдықтарды шығаруға байланысты бірқатар отандық баспалар да өз ұсыныстарын білдіруде.  

Жиын соңында облыс әкімі қатысушылардың пікірін тыңдай келе, баспаға өңірдің тарихына қатысты құнды әрі неғұрлым маңызды мағлұматтар мен тың деректерге негізделген материалдарды топтастырып, сапалы шығарылуына көңіл бөліну керектігін тілге тиек етіп, аталмыш тың жобаның келешекте жалғасын табу үшін «Тарихтану» орталығын құрудың қажеттілігіне тоқталды. 

«Шахристан» тарихи-мәдени кешенінде ашылатын жаңа музей ғимаратында туған жердің тарихы мен шежіресін білу – әрбір жас ұрпақтың міндеті екенін ескере отырып, жастар арасында «Өз өлкеңнің тарихын білесің бе?» сынды тақырыптарда байқаулар ұйымдастыруды ұсынды. 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАНanticorБЖЗҚQazlatynҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ -  ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ РЕСМИ САЙТЫМемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзіСайт президентаРухани Жаңғыру