kk ru
Фотобаян Бейнебаян Виртуалды тур Виртуалды музей
Жамбыл облысы
Жаңалықтар
05 қыркүйек 2019 ж., 15:03

«Н.НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ» ҚОР КӨРМЕСІНІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

«Н.НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ» ҚОР КӨРМЕСІНІҢ 

ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ


5 қыркүйек сағат 10.00-де Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі қор көрмесі ашылды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының ұйымдастыруымен ашылған көрме Әулиеаталықтар назарына екі ай ұсынылатын болады. 

Мерекенің шымылдығын ашқан Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов аталмыш көрмені Тараз қаласына әкелгені үшін Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжановқа алғысын білдірді. Өз кезегінде Әмірхан Мұратбекұлы тәуелсіз елдің қалыптасу тарихын көрсететін көрменің мақсатын баяндады. Іс-шара барысында Асқар Мырзахметов пен Әмірхан Рахымжанов көшпелі қор көрмесінің тілектер кітабына естелік лебіздерін жазды.

«Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көрмесі төрт бөлімнен тұрады.  

«Елбасы жолы» бөлімі Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың өмір кезеңдерінен сыр шертеді. Елбасының жолы рухани жаңғыру дәуірінің басталуына түрткі болған тарихи оқиғаларды сипаттау арқылы көрсетіледі.

Келесі бөлім «Елбасы феномені» деп аталады. Ел тізгінін ұстап, әлемдік аренада мемлекетімізді биікке көтерген Н.Ә. Назарбаевтың мемлекет құрудағы басты қағидалары баяндалады. Елбасы қабылдаған маңызда шешімдер мен атқарылған жұмыстары осы бөлімде айқын көрініс табады. 

«Әлем таныған Елбасы» деп аталатын бөлімінде тұңғыш Президентіміздің жаһандық кеңістіктегі сарабдал саясаты көрсетіледі. 

Көрменің соңғы, «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» бөлімінде, Елбасы мен Қазақстан халқына жаһандық даму мен тұрақтылыққа қосқан үлесі үшін табыс етілген жоғары мемлекеттік марапаттар ұсынылған.

Жиында тек 4 бөлім ғана емес, осы бөлімге негізделген «Тарихи таңдау», «Атамекен», «Президент мәртебесі – ел мәртебесі», «Бір экспонаттың тарихы» тақырыптық экскурсиялары да Жамбылдық жұртшылыққа ұсынылды. 

Іс-шарадаң соң Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының өнер ұжымы ән мен биден шашу шашты. 
















Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАНanticorБЖЗҚQazlatynҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ -  ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ РЕСМИ САЙТЫМемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзіСайт президентаРухани Жаңғыру