kk ru
Фотобаян Бейнебаян Виртуалды тур Виртуалды музей
Жамбыл облысы
Жаңалықтар
28 қазан 2019 ж., 17:40

«Руханият және тарихтану орталығы» коммуналдық мемлкеттік мекемесінің директоры болып Қалиев Сауран Қалиұлы тағайындалды.



Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының 28 қазан 2019 жылғы №182-ж/қ бұйрығымен Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Руханият және тарихтану орталығы» коммуналдық мемлкеттік мекемесінің директоры болып Қалиев Сауран Қалиұлы тағайындалды. 

Қалиев Сауран Қалиұлы 1973 жылы 12 қыркүйекте Жамбыл облысы, Луговой ауданы, Тереңөзек ауылында дүниеге келген. 1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «тарихшы, археолог және этнограф» мамандығы бойынша бітірген. 2013 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «археолог, этнограф» мамандығы бойынша магистратура бөлімінде оқып, гуманитарлық ғылымдар магистрі ғылыми дәрежесін алған.

Еңбек жолын 1997 жылы Жамбыл атындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған.

2000-2009 жж. Қ. Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Археология ғылыми-зерттеу орталығында» кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер; 

2009-2013 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Археология және этнология» ғылыми-зерттеу орталығында ғылыми қызметкері; 

2013-2017 жж. – Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» КММ-де «Тарих және археология» бөлімінде маман, бөлім меңгерушісі;

2017-2018 жж. – «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» КМҚК-де «Тарихи-мәдени нысандарда іс-шаралар ұйымдастыру» бөлімінің басшысы; 

2018-2019 жж. Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» КММ-де аға ғылыми қызметкер;

2019 жылдың наурыз айынан бүгінгі күнге дейін  облыстық «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» КММ-де директордың орынбасары лауазымын атқарып келді.

Қазіргі таңда Тараз қаласының жаңа тарихи келбетінің қалыптасуына бағытталып атқарылып жатқан оң істерге атсалысуда. Атап айтар болсақ, «Тектұрмас» тарихи-этнографиялық кешенінен бой көтеретін тарихи-мәдени ескерткіштерге қатысты тарихи деректерді жинастырды. Сонымен қатар, Жамбыл облысының тарихы мен рухани мұраларын зерттеп, зерделеп, Ресейдің Санк-Петербург, Өзбекстанның Ташкент, Самарқанд және Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларындағы архивтерімен байланыс жасау арқылы тың деректерді Жамбыл облысының 80 жылдық мерейтойына арналған көптомдықтар жинағына енгізді. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАНanticorБЖЗҚQazlatynҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ -  ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ РЕСМИ САЙТЫМемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзіСайт президентаРухани Жаңғыру