kk ru
Фотобаян Бейнебаян Виртуалды тур Виртуалды музей
Жамбыл облысы
Жаңалықтар
23 желтоқсан 2019 ж., 12:38

2019 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған профилактикалық іс-шаралары туралы ақпарат

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының және оған қарасты ұйымдардың 2019 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған профилактикалық іс-шаралары туралы ақпарат


Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасымен (бұдан әрі - Басқарма) және оған қарасты ұйымдармен 2019 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы келесі іс-шаралар атқарылған.

Басқарманың 2019 жылғы 3 қаңтардаңы № 2-н бұйрығының негізінде, Басқарманың және оған бағынысты ұйымдардың 2019 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілген.

Жоспара сәйкес, Басқармаға қарасты ұйымдармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған келесі іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілген.

Сахналық қойылымдар:

2019 жылдың сәуір және қараша айларында Жамбыл облыстық қазақ драма театрымен Т.Нұрмағамбетовтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған «Аса мәртебелі сейф!» атты драмалық комедииясы сахналанған. Сахналық қойылымды тамашалауға денсаулық сақтау, құқық қорғау, білім беру және т.б. салалардың қызметкерлері шақыртылған. Қамтылған адам саны 3000-ға жуық.

Жамбыл облыстық орыс драма театрымен 2019 жылдың шілде айында сыбайлас жемқорыққа қарсы бағытталған көріністерге толы Э.Радзинскийдің «Нейрон и Я» атты трагифарсы, В.Коняевтың «Клетка» атты әлеуметтік драмасы, Н.Гогольдің «Ревизор» атты комедиясы, Ф.Шиллердің «Коварство и любовь» және У.Шекспирдің «Гамлет» атты трагедиялары сахналанған. Сахналық қойылымға, Тараз қаласының тұрғындары, білім беру мекемелерінің қызметкерлері және оқушылары жәнә құқық қорғау органдарының қызметкерлері шақыртылған. Қамтылған адам саны 4000-ға жуық.

Фильм көрсетілімдері:

Облыстық кино орталығымен 2019 жылдың қаңтар, ақпан және сәуір айларында, Жамбыл облыстық ауруханалардың, Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің, Облыстық ІІД-нің әкімшілік полиция басқармасының және т.б. құзырлы органдардың ұжымдары арасында «Жемқорлыққа жол жоқ», «Коррупция» және «Дело о коррупций» атты деректі фильмдердің көрсетілімдері ұйымдастырылған. Қамтылған адам саны 400-ге жуық.

Музей көрмесі:

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейімен 2019 жылдың сәуір айында Тараз қаласының білім беру мекемелерінің кіші сынып оқушылары арасында «Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты сурет көрмесі ұйымдастырылған. Көрмеге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған және баланың бойында патриоттық сезімді оятатын суреттер қойылған.

Талас аудандық тарихи-өлкетану музейімен аудан тұрғындарын тарта отырып «Жемқорлықпен күрес – ортақ мақсат» атты тақырыпта көрме ұйымдастырылған.

Өзгеде іс-шаралар:

Ағымдағы жылы, Басқарманың жауапты қызметкерлерімен Басқармаға қарасты 2 мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілген. Талдау нәтижесі бойынша аталған мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмаған.

Сонымен қатар, Басқарма әзірлеушісі болып табылатын нормативтік құқықтық актілерден сыбайлас жемқорлықты тудыратын құқық нормаларын анықтау мақсатында, тиісті құқықтық мониторинг жүргізілген. Нәтижесінде нормативтік құқықтық актілерден сыбайлас жемқорлықты тудыратын құқық нормалары анықталмаған.

2019 жылы жоғарыда көрсетілген жоспар аясында Басқармаға қарасты ұйымдармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған барлығы 16 іс-шара (лекция, семинар, дөңгелек үстел және т.б.) ұйымдастырылған. Бұл іс-шаралардың кейбірі Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департментінің жауапты мамандарының және «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жалпыұлттық қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының директоры Қ.Төлендиевтің қатысуларымен өткізілген.

Аталған іс-шаралардың барлығы, Басқармаға қарасты ұйымдардың арнайы ашылған әлеуметтік желілерінде орналастырылған, мысалға: «Фэйсбук», «Инстаграмм» және т.б.

Бюджеттің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1271 бұйрығымен бекітілген Ашық бюджеттер интернет-порталында ақпарат орналастыру қағидаларына сәйкес, 2019 жылы Ашық бюджеттер интернет-порталында Басқарманың бюджеттік есептілігі, шоғырландырылған қаржылық есептілігі, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың жобалары және өткен қаржылық жыл бойынша бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептер орналастырылған.

Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 29 маусымдағы № 128 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Жамбыл облысының 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына (бұдан әрі - жоспар) сәйкес атқарылған жұмыстар:

3 тармақ:

2019 жылы, Басқармада жұмыс атқаратын мемлекеттік қызметкерлердің барлығы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тәртіппен өздерінің кірістері мен мүлкі туралы декларацияны белгіленген мерзімде ұсынған.

Сондай-ақ, Басқармаға алғаш қабылданған мемлекеттік қызметкерлер болған жағдайда, олардың кірістері мен мүлкі туралы салық декларациясын белгіленген тәртіпте және мерзімде тапсыруын қамтамасыз ету, Басқарманың персоналды басқару қызметіне жауапты қызметкердің бақылауында.

8 тармақ:

2018 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 13 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу қағидаларына сәйкес, Басқармаға қарасты «Қордай ауданының мемлекеттік архиві» КММ-нің қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жұмыстары жүргізілген.

Мониторинг нәтижесі бойынша, аталған мекеме басшысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданатын шараларды одан әрі жақсарту жөніндегі 2 ұсыныс берілген. Аталған ұсыныстар бүгінгі таңда толығымен орындалған. 

19 тармақ:

2018 жылы Басқарманың ресми интернет-ресурсында «Бюджет қаражатын жоспарлау және игеру» атты арнайы тарау ашылған. Аталған тарау, Басқарманың жауапты қызметкерлерімен тоқсанына 1 рет өзектендіріліп отырады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1271 бұйрығымен бекітілген Ашық бюджеттер интернет-порталында ақпарат орналастыру қағидасына (бұдан әрі - Қағида) сәйкес,  Басқарманың жауапты қызметкерлерімен, Қағидада белгіленген мерзімдерде мемлекеттік органдардың ашық бюджеттер интернет-порталында бюджеттік есептілік, шоғырландырылған қаржылық есептіліксондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың жобалары және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептер орналастырылған.

Бұдан бөлек, Басқармаға қарасты мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын директорларының лауазымдық нұсқаулықтарына, олардың қарамағындағы әр бір қызметкердің жемқорлыққа қатысты қылмыстар жасағаны үшін дербес жауаптылығы енгізілген.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАНanticorБЖЗҚQazlatynҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ -  ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ РЕСМИ САЙТЫМемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзіСайт президентаРухани Жаңғыру