kk ru
Фотобаян Бейнебаян Виртуалды тур Виртуалды музей
Жамбыл облысы
Жаңалықтар
12 қыркүйек 2020 ж., 11:15

МЕРКІДЕГІ ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ

      Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Ауылдық клубтарда үйірмелер жұмысын дамыту әдістері мен тәсілдері» тақырыбындағы шеберлік сағаты бүгін Меркі аудандық мәдениет үйінің көрермен залында өтті. Іс-шараға ауданның  клуб қызметкерлері барлығы 29 адам қатысты. 
      Шараның мақсаты: ауылдық клуб қызметкерлерінің кәсіби деңгейін жетілдіру, халыққа қызмет көрсету деңгейін арттыру, клуб құрылымдарының жұмысын дамыту. 
       Іс-шара барысында Жамбыл облысы әкімдігінің Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы  Асхат  Тажаяқов «Бейбітшілік пен келісім» пилоттық жобасының маңыздылығына, «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасының өзектілігіне Облыстық халық шығармашылығы орталығы директорының орынбасары  Жанат Тұрлығұлова тоқталып өтті. «Ауылдық клубтарда үйірмелер жұмысын дамыту әдістері мен тәсілдері» шеберлік сағатын орталықтың бөлім басшысы  Ақсұлу Усенбаева өткізді. Меркі аудандық мәдениет үйінің әдіскері Назерке Берікбайқызы онлайн форматындағы клуб жұмыстарының баяндамасын жасады.
      Басқосудың соңында мәдениет үйі қызметкерлеріне Облыстық халық шығармашылығы орталығы тарапынан дайындалған әдістемелік нұсқаулар таратылды. 

АҚПАРАТТЫҚ БӨЛІМ ҚЫЗМЕТІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАНanticorБЖЗҚQazlatynҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ -  ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ РЕСМИ САЙТЫМемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзіСайт президентаРухани Жаңғыру