kk ru
Фотобаян Бейнебаян Виртуалды тур Виртуалды музей
Жамбыл облысы
Жаңалықтар
14 қыркүйек 2020 ж., 11:51

БАЙЗАҚТАҒЫ МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК

     «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен  Байзақ аудандық мәдениет үйінде офлайн форматта «Әлеуметтік интернет желілерінің мүмкіндіктерін пайдалану» тақырыбында  ауылдық мәдениет үйі мен клуб қызметкерлерінің қатысуымен әдістемелік кеңес өтті. Іс-шараға 26  мәдениет қызметкерлері қатысты. Іс-шараның мақсаты: ауылдық клуб қызметкерлерінің халыққа қызмет көрсету деңгейін арттыру, әлеуметтік интернет желілерінің мүмкіндіктерін пайдаланып, клуб жұмысын жандандыру. 
     Іс-шараға Облыстық халық шығармашылығы орталығы директорының орынбасары Ж. Тұрлығұлова, бөлім басшысы А.Усенбаева,  Ж.  Асанбаева және  Байзақ аудандық мəдениет үйі  мен ауылдық клубтардың мамандары қатысты.  Ұйымдастырушылар тарапынан «Дәстүр мен ғұрып» жобасы, «Әлеуметтік интернет желілерінің мүмкіндіктерін пайдалану» тақырыбында  мəдени іс-шаралардың жаңа үрдісі баяндалып, əдістемелік нұсқаулықтар таратылды.  
      Байзақ аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Г. Алимкулова  «2020 жылғы жаңа форматтағы онлайн мәдени іс-шаралар» тақырыбында баяндама-слайд жасады. Ауданның  Үлгілі ауылдық клубының меңгерушісі Г. Молдакалыкова, Аймантөбе ауылдық  клубының меңгерушісі Қ. Байнұқова, Дихан ауылдық мәдениет үйінің   меңгерушісі М. Мамырайымова  ауыл тұрғындарына мəдени қызмет көрсету барысында онлайн атқарған жұмыстарына тоқталып, слайд көрсетті.

АҚПАРАТТЫҚ БӨЛІМ ҚЫЗМЕТІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАНanticorБЖЗҚQazlatynҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ -  ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ РЕСМИ САЙТЫМемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзіСайт президентаРухани Жаңғыру