kk ru
Фотобаян Бейнебаян Виртуалды тур Виртуалды музей
Жамбыл облысы
Жаңалықтар
16 қазан 2020 ж., 19:46

ТОҚПАНОВ ТЕАТРЫНДА – «ГАМЛЕТ»

А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында У.Шекспирдің шоқтығы биік туындыларының бірі – «Гамлет» трагедиясының премьерасы сахналанды. 



Қойылымның қоюшы-режиссері – белгілі актер, режиссер, Қазақстанның халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Тұңғышбай әл-Тарази.
Қоюшы суретшісі – театрдың бас суретшісі, ҚР Мәдениет саласының үздігі Рахат Сапаралиева. 

Әлем­нің барлық елінде сахналанған, экрани­зация жасалған туынды Әулиеаталық театр сах­насында тұңғыш рет сахналанып, трагедия қаһарманы жаңа сарынмен көрерменге жол тартты.

«Гамлет» – Шекспир шығармалары ішін­дегі шоқтығы биік туынды. Әлемге әй­гілі кейіпкер «Гамлет» – Дат елінің ханза­дасы. Ол – батыр болып өмір сүріп, батыр болып қаза тапқан тұлға. Өмірдегі шиеле­ніске толы тартыс пен күреске толы ойды сахналаған спектакльдің мағынасы тереңде екенін айтпай-ақ ұғынуға болады.


Заман талғамына сай, жаңа сарынмен көрерменге жол тартқан трагедияның басты қаһарманы – Гамлет бейнесі театрдың жас буын артисі – Байғали Мырзақұл шеберлігімен сомдалды. 














Бақ мемлекеттік порталыМемлекеттік бағдарламалардың бірыңғай порталыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАНanticorБЖЗҚQazlatynҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ -  ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ РЕСМИ САЙТЫМемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзі