kk ru
Фотобаян Бейнебаян Виртуалды тур Виртуалды музей
Жамбыл облысы
Жаңалықтар
13 қараша 2020 ж., 09:20

ЖАМБЫЛ ЖЫРЛАРЫ БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛЫ ӨТТІ

       Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы «Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығының»ұйымдастыруымен «Жамбыл жырлары» атты өзге ұлт өкілдері арасында ақынның өлең, жырларын мәнерлеп жатқа оқудан облыстық байқауы өтті.
         Байқау "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Ұлы даланың ұлы есімдері" жобасы аясында жүзеге асты.Халқымыздың ұлы ақыны, жыр дүлдүлі, айтыс өнерінің дарабозы Жамбыл Жабаевтың шығармаларын насихаттау, отансүйгіштік сезімді нығайту, мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтату мақсатында өткен шараға 17 үміткер қатысты.
       Үміткерлер екі кезең бойынша бақ сынады. Бірінші кезеңге сәйкес ақын Жамбыл Жабаевтың өлеңдерін мәнеріне келтіре жатқа оқыған қатысушылар екінші кезеңде халық әндерін нақышына келтіре орындады.
Байқау қорытындысына сәйкес,   жүлделі III орынмен  Фараджиева Сабина (Шу ауданы),   Самарұлы Жамболат (Т.Рысқұлов ауданы), Ким Тимур (Қордай ауданы) марапатталды. Ал жүлделі II орынға  Харченко Любовь  (Қордай ауданы)   пен Жаба Салтанат (Байзақ ауданы) ие болды. Меркілік  Точаева Анель жүлделі  I орынды еншілесе, екі кезеңде де өзгелерден оқ бойы озық шыққан Алиханова Мухаббат (Жамбыл ауданы) Бас жүлдеге ие болды.
АҚПАРАТТЫҚ БӨЛІМ ҚЫЗМЕТІ
Бақ мемлекеттік порталыМемлекеттік бағдарламалардың бірыңғай порталыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАНanticorБЖЗҚQazlatynҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ -  ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ РЕСМИ САЙТЫМемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзі