kk ru
Фотобаян Бейнебаян Виртуалды тур Виртуалды музей
Жамбыл облысы
Жаңалықтар
12 қараша 2020 ж., 10:50

«ҒЫЛЫМИ-АНЫҚТАМАЛЫҚ АППАРАТ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАРДЫ ЖАРИЯЛАУ» АТТЫ СЕМИНАР

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Мәжіліс залында «Ғылыми-анықтамалық аппарат және құжаттарды жариялау» атты тақырыбында семинар-сабақ өтті. 
Карантиндік талаптарын сақтай отыра өткізілген семинарға Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының архивтер және құжаттама бөлімінің басшысы Кисикова Айгүл Мадешқызы, Тараз қалалық, Жуалы, Талас, Сарысу, Байзақ, Жамбыл аудандық мемлекеттік архивінің қызметкерлері қатысты. 
Алғашқы сөз кезегін Архивтер және құжаттама бөлімінің басшысы Кисикова Айгүл Мадешқызы алып, Қазақстан Республикасы үкіметінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі №576 қаулысымен бекітілген «Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды пайдалану» бойынша жұмыс жүргізу керектігін баса көрсетті. 
Ғылыми-анықтамалық аппарат және құжаттарды жариялау бөлімінің басшысы Сағындық Зейнуллаұлы арнайы дайындалған слайд бойынша, ғылыми-анықтамалық аппарат құру тәртібі, тізімдеменің анықтамалық аппараты, алғысөз, жөнсілтер, каталог, сілтегіш, шолулардың заңдық тұрғыда жасалуына анықтама берді. Семинар барысында сұрақтар қойылып, атқарылатын жұмыстар талқыланды. Іс-шара 13 қараша күні де өзге аудандық архивтердің қызметкерлеріне өткізіледі.
АҚПАРАТТЫҚ БӨЛІМ ҚЫЗМЕТІ
Бақ мемлекеттік порталыМемлекеттік бағдарламалардың бірыңғай порталыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАНanticorБЖЗҚQazlatynҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ -  ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ РЕСМИ САЙТЫМемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзі