kk ru
Фотобаян Бейнебаян Виртуалды тур Виртуалды музей
Жамбыл облысы
Жаңалықтар
02 сәуір 2019 ж., 15:58

Жастар аллеясында «Білім алаңы» ашылды

21 – наурыз күні Жастар аллеясында «Білім алаңы» ашылды. Ашылып отырған "Білім алаңы" – рухани ой-сана орыны болмақ.
Білім алаңының жалпы аумағы 1000 шаршы метрді құрайды. Онда 600 орындық ашық аспан астындағы амфитеатр орналасуда. Амфитеатр сахна 14 бағанадан тұратын арка негізінде бой көтеруде. Оның ұзындығы – 42 метр, ені – 16 метр. Ал, биіктігі – 12 метр. Бағаналар бағалы тровертин-табиғи тасымен қапталған. Бағана үстіндегі маңдайшаның сыртқы үш жақтауына үш тілде білім туралы қанатты сөздер жазылған. Атап айтар болсақ, латын қарпіндегі қазақ тілінде: « Білім – өмір шырағы», көне түрік тілінде: «Білімсіз күнің жоқ», ағылшынша: «Күш атасы – білімде» деп жазылған.
Мұнда алдағы уақытта әр жылы білім күні салтанат құрады. Жыр оқылады, әдеби әлемдегі Абай мен Жамбыл, Мұқағали, Әуезов, Мүсірепов секілді, тағы басқа ақын жазушылардың оқуларын өткізу өз үрдісін табады. Түрлі интеллектуалды пікір сайыстар өтетін болады. 
Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен орайлас келген осынау нысанның ашылу салтанатында қаламыздың құрметті қонағы, елімізге белгілі көрнекті ғалым, шығыстанушы, филология ғылымдарының докторы Әбсаттар Дербісәлі сөз сөйлеп, тағылымды ойларымен бөлісті.
Осы орайда атап өту керек, аталмыш амфитеатрдың орындықтарымен жоғары қарай көтерілетін баспалдақтарының шеттеріне орналасқан тумбаларға көне шаһарымыздың атын әлемге танытқан айтулы тұлғаларымыз – әл-Таразилардың мүсіндерін қою ойластырылып отыр. Бүгінгі күні тарихшылар арнайы зерттеулер жүргізіп, «әл-Тарази» есімін иеленген 48 тұлға болғанын анықтаған.
Қосымша:
Әр ғасырда Тараздан шығып, дүниенің төрт бұрышына ғылым іздеп кеткен тұлғалар аз емес. Олар ғылым-білім жолында айтулы жетістіктерге жетіп, Тараздың атын жаһанға танытып, Таразилер әлемдік санаға ықпал етті. Жағрафия, философия, логика, жаратылыстану ғылымдарында із қалдырды. Олар:
1.Абд Әмір Усман ат-Тарази
2.Имам Әбу-л Қасым Махмуд ат-Тарази
3.Әбу-л Футух Абд әл-Уахид ибн Имран ибн Исраил ат-Тарази
4.Шейх Һибатулла ат-Тарази
5.Махмуд ат-Тарази
6.Шейх Ахмет Тарази
7.Мұхаммедхан ат-Тарази
8.Әбу Насыр Мүбашшир ат-Тарази
9.Насрулла ат-Тарази
10.Абдулла Мүбашшир ат-Тарази 
Мұхаммед Хайдар Дулати, Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Қадырғали Жалайыри секілді, тағы да басқа ғұламалар Тараздан шыққан.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАНanticorБЖЗҚQazlatynҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ -  ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ РЕСМИ САЙТЫМемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзіСайт президентаРухани Жаңғыру