kk ru
Фотобаян Бейнебаян Виртуалды тур Виртуалды музей
Жамбыл облысы
Жаңалықтар
02 сәуір 2019 ж., 18:34

«Кітап» стелласының ашылуы

Әз-Наурыз мерекесіне орай Таразда «Кітап» стеласы ашылды. Ол жаңадан пайдалануға берілген «Жастар» аллеясында орын тепкен. Алаңшаның негізгі нысандарының бірі саналатын стела бағалы травертин-табиғи тасымен қапталған. Биіктігі – 7,5, ұзындығы – 11,8 метрді құрайды. Стелада алып «Кітап» ескерткіші орналасқан. Қызыл граниттен құралған ескерткіштің салмағы – 3,5 тонна, биіктігі -2,2 метр, ұзындығы – 3 метр. Стеладағы шағын тақтайшаға: «Кітап – білім бұлағы» деген аталы сөз айшықталып жазылған. Стеланың қос шетіне шағын кітаптар тізбегі қойылған.
Ашылған кітап кейпіндегі ескерткіштің қос парақ-беттеріне Әл-Фарабидің «Шын білім – ақиқат, анық білім», Ж.Баласағұнның «Білім мен ізгілік қана мұратқа жеткізеді», М. Қашғаридың «Бақыттың белгісі – білім», А.Яссауидің «Кітап аш та, мәнін ұқ», Абай Құнабаевтың «Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба», Ы.Алтынсариннің «Өнер-білім бәрі де оқуменен табылған», Лев Толстойдың «Жақсы кітап – ақылды адамның әңгімесімен бірдей», Ш.Мұртазаның «Мәдениеттің мәйегі – кітап», М. Әуезовтың «Білім – бақтың жібермейтін қазығы, Білімсіз бақ – әлдекімнің азығы», А.Байтұрсынұлының «Білімді болуға – оқу, бай болуға – кәсіп, күшті болуға – бірлік керек», Ж.Аймауытовтың «Оқу, білім – жанған шырақ ойласаң, Үйренерсің, іздеп көрсең-қалмасаң» деген орамды ойлары мен тағылымды сөздері қашалып жазылған.
Бұл ескерткіш – қала тұрғындары мен қонақтарын, жас ұрпақты кітап оқуға, кітапты құрметтеуге, білім-ғылымға үндеу мақсатында бой көтерген.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАНanticorБЖЗҚQazlatynҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ -  ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ РЕСМИ САЙТЫМемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзіСайт президентаРухани Жаңғыру