kk ru
Фотобаян Бейнебаян Виртуалды тур Виртуалды музей
Жамбыл облысы
Жаңалықтар
15 сәуір 2019 ж., 15:13

15 сәуір – Ұлттық ғашықтар күніне арналған «Бақытты етем» атты шоу-концерті

Ұлттық ғашықтар күні биыл елімізде кеңінен аталып өтті. Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы К. Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» мерекесіне арналған «Бақытты етем» атты шоу-концерті ұйымдастырылды. 

Қазақ жастарын 14 ақпан күні өтетін әулие Валентин күнінен алыстатып, санасына өзіміздің Ұлттық ғашықтар күні бар екенін сіңіре білу. Шынайы махаббат символдары – Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу, Еңлік пен Кебек, Төлеген мен Қыз Жібек сынды ұлтымыздың нағыз махаббат қаһармандарын жастар арасында кеңінен насихаттау. Солар арқылы жастардың назарын ұлттық құндылықтарымызға, асыл жауһарларымыз, салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызға аудару.

 «Ақкербез», «Айша Бибі» би ансамбльдері, «Сымбат» балдық би тобы, «Балауса» циркі, «Дауыс» тобы, «JambylStar» дуэті, «Кәусар» вокалдық ансамблі және филармония әртістері Әлішер балтаев, Әскер-Жанна дуэті, Динара Диханбаева, Дәулет Махан, Құрмаш Қуанышбаев, Қаракөз Сағынтай, Қайсар Көкішов, Жазира Сметова, Дулат Жасұзақов, Талант Құрымбаевтар өнер көрсетті. 

"Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" мейрамы махаббат пен сүйіспеншілікке арналған.  Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу шамамен 12-13 ғасырларда ғұмыр кешкен. Сарыбай мен Қарабайдың төл перзенттері. Аң аулап жүріп құдаласқан бұл екеуі ұл-қыздарының кейінірек махаббат жолында түрлі қиыншылыққа ұрынатынына куә болады. Дүниеқоңыздық пен көре алмаушылық, кек пен ашуға тап болған қос жүрек иесі өле-өлгенше бір-біріне деген нәзік сезімдерін сақтай білген. Олардың махаббаттары осымен құнды. 

Қос ғашықтың махаббаттарын ұғынып, осы екі жүрек иелерінің атына күн белгілеп, махаббатты дәріптеуді ұсынып, бастама көтерген Дархан Мыңбай атты Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген белгілі азамат. Мереке халық арасында 1999 жылдан бері тойланып келеді. 

Ғашық жүректерге шуақ сыйлайтын мерейлі мерекеге арналған концерт айтулы күн аясында   жастардың бойын іңкәр сезімге билегені анық. Әсем кеш Тараз қаласының жастарына мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. 


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАНanticorБЖЗҚQazlatynҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ -  ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ РЕСМИ САЙТЫМемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзіСайт президентаРухани Жаңғыру