kk ru
Фотобаян Бейнебаян Виртуалды тур Виртуалды музей
Жамбыл облысы
Жаңалықтар
17 сәуір 2019 ж., 16:10

Жамбыл облыстық орыс драма театрының Жастар жылы аясында Алматы, Талдықорған қалаларында өткен гастрольдік іс-сапары

Жастар жылы аясында

Алматы, Талдықорған қалаларында өткен гастрольдік іс-сапардың 

АҚПАРАТЫ

2019 жылдың  8 -12 сәуірі аралығы

Жамбыл  облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының  қолдауымен 2019 жылдың 8 мен 12 сәуірі күндері аралығында Алматы қаласы мен Талдықорған қалаларында гастрольдік турне өтті. Бұл сапар биылғы «жастар жылы»  болып жариялынауына орай, театрдың көркемдік кеңес отырысының шешіміне қарай жас жеткіншектер мен жастарға арналған қойылымдармен өтті. Бастауыш сынып жастағылар мен мектеп алды балаларға арналған  Ю. Жигульскийдің «Золотой ключик» ертегісі, ЖОО-ның білімгерлеріне, жоғарғы сынып оқушыларға арналған Е. Дубовиктің «Я хочу домой!» музыкалық драмасы,  «Сеньорита Рита» комедиясы жастардың назарына ұсынылды. Гастрольдік сапарды ұйымдастыруға белсеңді қолдау көрсеткен Қазақстандағы  Ресей Федерациясының бас консулдығының өкілдері  болып табылады. Қойылымдардың көрсетілімдері Алматы қаласының Н. Сац атындағы жастар мен жасөспірімдерге арналған Мемлекеттік Академиялық орыс театрында, Талдықорған қаласының Бекен Римов атындағы драмалық театрында өтті. Алматы облысы аумағында алдын ала гастрольдік қойылымдарға анонс жасалынып, БАҚ беттерінде жариялым ету мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылды. Республикалық «Алатау алауы», «Из рук в рук», «Вечерний Алматы» газеттері мен Талдықорған қаласының Instagram- «Афиша Алматы», «Давай Сходим», «Almaty.Today» «Талдыкорган-инста», «Талдыкорган - мой город»,  facebook- «Алматы-Жарнама», «Талдыкорганец» әлеуметтік желілерінде жарнамалық жұмыстар атқарылды. Алматы мен Талдықорған қалаларының көшелеріндегі жарнамалық бұрыштарда гастрольдік құлақдар қағаздары ілінді. Театр аумағында жарнамалық баннерлер орнатылды. 3 мыңға жуық мектеп ауласы мен кәсіпорындар маңында және көшелерде флеер таратылды. Қойылымдарға арналған гастрольдік буклеттер (кітапшалар) мен бағдарламалық қағаздар әзірленді. Осының барлығы да оң нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді. 

     Алматы қаласында өткен екі күндік сапарда барлығы (8-9 сәуір күндері) 8 қойылым сахналанды. 2 016 көрерменге мәдени қызмет көрсетілді, қайырымдылық аясында 500 адам тегін қойылымдарды тамашалады. Шақыру қағаздары арқылы Қазақстандағы  Ресей Федерациясының бас консулдығының өкілдері, Алматы қалалық білім бөлімі, Қазақстан Халқы Асссамблеясының өкілдері шақыртылды. Сонымен қатар, ата-анасынан айырылған балалар, мүгедек азаматтар мен балалар, материалдық жағынан төмен отбасылары шақырту қағаздары арқылы қойылымдарды тамашалауға мүмкіндік алды. Қазақстандағы   Ресей федерациясының бас консулдығының елшісі Ирина Переверзева мен театр директоры А. Тәжиев гастрольдік қойылым алдында сөз алып, шығармашылық ұжымға толағай табыстар мен алғыс білдірді.

Алматылық көрермендердің facebook әлеуметтік желідегі парақшада жазған пікірлері мен тілектерінің сілтемесі. 

https://www.facebook.com/maria.makarova.7773631/posts/10157296833057249


http://kaz.rs.gov.ru/ru/news/45433?fbclid=IwAR1peYt0TknQGyIz7YxvtbYOgIYoitQjPGa4Dm7MfgxM-ZZaTAAS6yuzRB4


https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=2233749876663344&id=100000850613635 

     Жамбылдық орыс театры Талдықорған қаласына гастрольдік сапармен көп жылдан бері  алғаш баруы. Барлығы үш күндік шығармашылық сапарда (10-12 сәуір аралығы) 13 қойылым сахналанды. 2 660 өнер сүйер қауымға билетпен  мәдени қызмет көрсетті. Қайырымдылық аясында 500 көрермен қойылымдарды тегін тамашалауға мүмкіндік алды. Ал, шақырту билет арқылы Алматы облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының өкілдері, Алматы облысы  қалалық білім бөлімдерінің қызметкерлері, Талдықорған қаласы Қазақстан Халқы Ассамблеясының өкілдері, БАҚ- журналисттері  келіп, іс-шараға қатысты. 

Талдықорғандық әлеуметтік жеілердегі сілтемелер: https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=2237717332933265&id=100000850613635

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=2237609722944026&id=100000850613635

    Б. Римов атындағы Талдықорған қаласының өнер сахнасында Тараздық театр майталмандарын Талдықорған қалалық мәдениет, архивтер және құжаттама бөлімінің  басшысы Гумаров Тулеужан Нусипжанович пен Алматы облысы Орыс Қауымдастығы Орталығының өкілі Лариса Леонидовна Котельникова жылы лебіздерімен қарсы алып, алғыс білдірді. Сонымен қатар, орыс драма театрына Талдықорған қаласының білім мекемелері мен Орыс Қауымдастығы Орталығы тамаша гастрольдік турне үшін Алғыс хаттар мен Грамотолар табыстады. 

     Бес күнге ұласқан Алматы, Талдықорған қалаларындағы 2019 жылғы  8-12 сәуір аралығындағы гастрольдік турнеде барлығы 21 қойылым сахналанды. Қызмет көрсетілген адам саны: 6 077, қайырымдылық аясында 1000-ға жуық көрермен. 





 






Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАНanticorБЖЗҚQazlatynҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ -  ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ РЕСМИ САЙТЫМемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзіСайт президентаРухани Жаңғыру