kk ru
Фотобаян Бейнебаян Виртуалды тур Виртуалды музей
Жамбыл облысы
Жаңалықтар
13 мамыр 2019 ж., 10:55

ЖАМБЫЛДАН ЖИЗАҚҚА ТАРТУ

2019 жылдың 14-17 мамырында Қазақстанның Өзбекстандағы жылы аясында Өзбекстан Республикасының Жизақ облысында «Жамбылдан Жизаққа тарту» атты мәдени шарасы ұйымдастырылмақ.
Екі елдің мәдени бауырластығын жаңғыртып, байланысын нығайту мақсатында аталмыш шарада Жамбыл облыстық филармониясының «Алатау» фольклорлық ансамблі және әншілері, «Жуалы» халықтық театры, «Айжанқыз» халықтық би ансамблі өнер көрсетеді.
Сондай-ақ, Облыстық кино орталығының алтын қорындағы «Жаужүрек мың бала», «Біздің қаланың ханзадасы» көркем және «Мұзбалақ» анимациялық фильмдері көрермен қауымға ұсынылады.
Халықаралық маңызы бар шарада өңірлік өнерпаздар, театр ұжымы өзбек халқының алдында өнер көрсетіп, еліміздің бай мәдениетін, дәстүрлі өнерін паш етуімен қатар, шеберлік сыныптарын да өткізеді.
Елімізден аттанғалы отырған өнер ұжымдары бауырлас халықтарды одан әрі жақындастырып, ортақ дәстүр мен ұқсас әдет-ғұрып, бірыңғай тарихи ынтымағымызды жарастыра түспек.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр Өзбекстанның Қазақстандағы жылы аясында 23 -25 сәуір аралығында өзбек тарапы Таразда өзбек киносының күндерін және 31 қазанда «Шеберлер қалашығы» атты қолөнер шеберлерінің көрмесін өткізіп, бауырлас елдің ыстық ықыласына бөленіп қайтқан болатын.

                                            





Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАНanticorБЖЗҚQazlatynҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ -  ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ РЕСМИ САЙТЫМемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзіСайт президентаРухани Жаңғыру