kk ru
Фотобаян Бейнебаян Виртуалды тур Виртуалды музей
Жамбыл облысы
Жаңалықтар
20 мамыр 2019 ж., 10:11

Жамбылдық өнерпаздар Фарыш ауданында да өнер көрсетті

Кезекті концерт 2019 жылдың 16 мамырында Фарыш ауданында жалғасын тапты. Ұйымдастырылған шара өзбек өнерпаздарының ұлттық аспаптарда ойнап, мың бұралған бишілердің көңілді биін ұсынып, дәм-тұзынан таттырудан басталды. 
Ғимарат фойесінде келген қонақтарға өзбек халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпынан сыр шертетін шеберлер туындысынан жасақталған көрме таныстырылды. Көрермен залына жиналған жергілікті халық өнерпаздардың таланттарына риза болып, қосыла ән шырқап, қол соғып демеп отырды. Барша қазақ халқының мәдениетімен, өнерімен таныстырған өнерпаздар да көпшілікке бірнеше халық әндерін әуелете шырқап, көрермен көзайымына айналды. Сондай-ақ, аудандық өзбек әншілері халық әндерін жамбылдық делегацияға тарту етсе, жиналған қауым ортаға шығып достық биін биледі. 
Шара соңында, Фарыш ауданының қонақжай халқы өнерпаздарға арнайы дастархан жайып, ыстық ықыластарын білдірді.









Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАНanticorБЖЗҚQazlatynҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ -  ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ РЕСМИ САЙТЫМемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзіСайт президентаРухани Жаңғыру