kk ru
Фотобаян Бейнебаян Виртуалды тур Виртуалды музей
Жамбыл облысы
Жаңалықтар
21 мамыр 2019 ж., 18:56

Мәртебелі мәдениет және өнер қызметкерлері күні

Күні кеше ғана Мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің төл мерекесіне орай ұйымдастырылған салтанатты шаралар Жамбыл шаһарында да лайықты деңгейде аталып өтті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2013 жылғы 22 қарашасындағы Жарлығымен бекітілген 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні облысымыздың мәдениет қызметкерлері арасында биыл бесінші мәрте кәсіби мереке ретінде аталып өтті.
Алдымен шара барысы Даңқ залының жанынан құрылған Бауыржантану ғылыми зерттеу орталығынан бастау алды. Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов облысымыздағы осы салада еңбек етіп келе жатқан бір топ үздіктерді қабылдап, мерекеге орай мәдениет майталмандарына мерейлі марапаттарын табыс етті. 
Бұдан кейін айтулы мереке Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Ы. Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде жалғасты. Шараға мәдениет және өнер саласы қызметкерлері мен ардагерлері, қайраткерлері мен бір топ зиялы қауым өкілдері қатысты. Жамбыл облыстық қазақ драма театры актерлерінің жан тебірентерлік өнер турасындағы жағымды композициясымен шымылдығын түрген шараны мәдениет, архифтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсеналы Бықыбаев ашып берді. 
Басқарма басшысы осынау соқпақты-соқтықпалы шығармашылық саланы, оның ішінде Ұлы өнерді сенімді серігі еткен мәдениет саласы мамандарының еңбектеріне тоқталып өтті. Аталмыш салаға аянбай еңбек етіп жүрген бірқатар марғасқа майталмандарды мәртебелі мейраммен құттықтай отырып, алғыс хат пен марапаттарын табыс етті. Сондай-ақ, Тараз қаласы әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай мен Тараз қалалық маслихатының хатшысы Батырбек Құлекеев сөз алды. Өз кезегінде мәдениет саласының қызметкерлері айналасын думанға бөлейтін, өңірдегі түрлі іс-шаралар мен мерекелердің тынысын кіргізіп жүрген бірден-бір қызметкерлер екенін атай отырып, сала мамандарын мерекемен құттықтады. Меркелік кештің көркін бұдан әрі елімізге белгілі әнші Мадина Сағынбекова, «Ақкербез» би ансамблі, «Балауса» циркі және «Кәусар» вокалдық ансамблдері қыздырды.
Елдар БОРАНБЕК










Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАНanticorБЖЗҚQazlatynҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ -  ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ РЕСМИ САЙТЫМемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзіСайт президентаРухани Жаңғыру