kk ru
Фотобаян Бейнебаян Виртуалды тур Виртуалды музей
Жамбыл облысы
Нормативтік құжаттар

«Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің қаулы жобасына АНЫҚТАМА

«Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы»   

Жамбыл облысы әкімдігінің қаулы жобасына 

    АНЫҚТАМА


«Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің қаулы жобасы (бұдан әрі – жоба) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының  (бұдан әрі – Заң) 16-бабы 1 және 3-тармақтарының негізінде әзірленген.

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің 2019 жылғы 13 мамырдағы «Архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 138 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» № 133 бұйрығына сәйкес, «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) келесі өзгерістер енгізілген.

Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Архивтік анықтамалар беру» стандартының атауы «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» болып өзгертілген. 

Сонымен қатар, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру бөлігінде, «көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі» алып тасталынған. Осылайша, бұдан бұлай өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру тек, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылатын болады.

Айтылғандардың негізінде, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабына және Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабының 9 тармағына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 маусымдағы № 132 қаулысымен бекітілген «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін жаңа редакцияда бекіту қажет.

Қаулы жобасы түсіндірме жазбаларымен және анықтамаларымен бірге ашық нормативтік құқықтық актілердің порталына көпшілік талқылауы үшін 2019 жылдың 13 мамырында орналастырылған. Талқылау мерзімі 2019 жылдың 27 мамырына дейін белгіленген. Қорытынды есепке сәйкес ұсыныстар және ескертулер жоқ.

 Қаулы жобасы Облыстық қоғамдық кеңесінің қарауына 2019 жылдың 15 мамырында № 1147 хатпен ұсынылған. Облыстық қоғамдық кеңесінің 2019 жылғы 29 мамырдағы № 096 хатымен ұсынымдар ескертулерсіз алынды.

Қаулы жобасы азаматтардың заңда белгіленген құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін бұзбайды және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына  қайшы келмейді.

Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде қаулы жобасы Жамбыл облысы әкімдігінің қарауына енгізуге ұсынылады.



Басшы                                                                                             Д.Бықыбаев


Құқықтық қызметінің 

бас маманы                                                                                      Н.Ширимов


Жауапты орындаушы                                                                     М.Жанабаева



2019 жылғы «____» _____________

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАНanticorБЖЗҚQazlatynҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ -  ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ РЕСМИ САЙТЫМемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзіСайт президентаРухани Жаңғыру