kk ru
Фотобаян Бейнебаян Виртуалды тур Виртуалды музей
Жамбыл облысы
Нормативтік құжаттар

«Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің қаулы жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

«Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің қаулы жобасына 

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА



 

р/с  

Түсіндірме жазбада көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

2  

Жобаны қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы «Архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 138 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» № 133 бұйрығына сәйкес, «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) келесі өзгерістер енгізілген.

Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Архивтік анықтамалар беру» стандартының атауы «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» болып өзгертілген.

Сонымен қатар, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру бөлігінде, «көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі» алып тасталынған. Осылайша, бұдан бұлай өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру тек, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылатын болады.

 Айтылғандардың негізінде, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабына және Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабының 9 тармағына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 маусымдағы № 132 қаулысымен бекітілген «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін жаңа редакцияда бекіту қажет.

3

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдары

Жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және /немесе құқықтық салдар болжанбайды

4

Жоба бойынша жергілікті және республикалық бюджет шығындарының қысқаруы немесе көбеюі қарастырылғаны туралы мәлімет

Жоқ

5

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі

«Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы «Архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі №138 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» № 133 бұйрығына сәйкес келтіру мақсатында

6

Бұл мәселе бойынша бұрын әкiмдіктің және әкiмнiң қандай актiлерi қабылданған және олардың қалай орындалғаны жайлы мәлiметтер

1) Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 маусымдағы «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы № 132 қаулысы;

2) «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 маусымдағы № 132 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 78 қаулысы.


7

Жобаны қабылдауға байланысты бұрын қабылданған актілерді жобаға сәйкес келтіру

Жоқ

8

Әкімнің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Жоқ

9

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда немесе басқада ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылдың 13 мамырында орналастырылған

10

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта) әлеуметтік маңызы бар     қаулы жобасына мемлекеттік органның баспасөз релизі (баспасөз релизінің атауы, мерзімі)

Жоқ

11

Жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер

Қажет етпейді

12

Жобаның қабылданғаннан кейін әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жататыны  туралы мәлімет

Жоба қабылданғаннан кейін әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге ұсынылады

13

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің бұқаралық ақпарат құралдарында сонымен қоса интернет-ресурстарда, жариялануы (таратылуы) туралы мәлімет

Жоқ

14

Тауарларды сатуға, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаны, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулының жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылуы туралы мәліметтер

Тауарларды, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты емес

15

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса)


Жоқ

16

Заңның 19 бабына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына сараптамалық қорытынды бермеген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері жайлы мәлімет

Жоқ

17

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен берген (бермеген) сараптамалық қорытынды жайлы мәлімет

Жоқ

18

Заңның 20 бабына сәйкес қоғамдық кеңестер нормативтік құқықтық актінің жобасына берген (бермеген) ұсынымдары жайлы мәлімет

Облыстық қоғамдық кеңесімен 2019 жылғы «29» мамырдағы № 096 хатымен ұсынымдар ескертулерсіз алынды.

19

Ашық нормативтік құқықтық акті интернет-порталында орнатылған нормативтік құқықтық акті жобасын көпшілік талқылауы туралы мәлімет

Қоғамдық талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интерент-порталында 2019 жылдың 13 мамырында орналастырылған. Талқылау мерзімі 2019 жылдың 27 мамырына дейін белгіленген. Қорытынды есепке сәйкес ұсыныстар және ескертулер жоқ.

20

Өзге де мәліметтер

Жоқ



Жамбыл облысы әкімдігінің 

мәдениет, архивтер және құжаттама

басқармасының басшысы                                                                          Д.Бықыбаев



Құқықтық қызметінің бас маманы                                                         Н.Ширимов



Жауапты орындаушы                                                                                М.Жанабаева                                



2019 жылғы «___»__________

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН30-ЛЕТИЕ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАНanticorБЖЗҚQazlatynҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ -  ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ РЕСМИ САЙТЫМемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзіСайт президентаРухани Жаңғыру